АҒЗАНЫ ТОКСИНДЕРДЕН ҚАЛАЙ АРЫЛТУҒА БОЛАДЫ?

1. Алма.

Алмада болатын пайдалы микроэлементтер токсиндермен жақсы күреседі және қан тамырларындағы тұнып қалған холестериндердің деңгейін төмендетеді. Ішкі мүшелердің жұмысын жақсартады. Алма - миды тазартуға да таптырмайтын өте пайдалы жеміс. Осы қасиетінің арқасында ол Альцгеймер ауруының алдын алады.

 

2. Лимон.

Лимон шырынын денедегі шлактарды шығаруға, уыттарды ығыстыруға қолданады.

3. Анар.

Анар болса, ас қорытуды жақсартады. Метаболизмді күшейтіп, ағзадағы токсиндердің шығарылуын тездетеді. Сонымен қатар анар жемісі артық салмақтан арылуға да көмектесе алады.

4. Қырыққабат.

Қарапайым қырыққабат денедегі майдан арылуға көп көмегі бар. Метаболизм жақсарып, бауырдың тазаруына септігін тигізе алады.

5. Мүкжидек.

Мүкжидектің де (Клюква) ағзаның ішінен түрлі улы заттарды шығаруға жақсы әсері бар. Токсиндер мен шлактардан арылғыңыз келсе, мүкжидек жеңіз.

6. Сәбіз.

Пісірілмеген, шикі түріндегі сәбіз асқазан және ішек жолдарын тазартуға жиі қолданылады. Сәбіздің арқасында ағза уыттан тез тазарады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз