AYALA қоры облыстық ПО-ға ретиналды камера жеткізеді

img 20240304 wa0051 Медицина

AYALA қайырымдылық қоры Атырауда «Әлемді көремін» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Қор Атырау облысының облыстық перинаталдық орталығы және «Galamat Integra» ЖШС-мен бірлесе отырып, 2024 жылы өмірге жоспарлы кезеңінен бұрын келген нәрестелердің ретинопатия орталығына Forus Neo ретиналды камерасын жеткізу туралы үшжақты шартқа қол қойды.

Атырау облысындағы балалардың көру қабілеті бойынша мүгедектігін төмендетуге мүдделі AYALA қоры ұсынған ретиналды камера орталықтың дәрігерлерін арнайы курстан өткізген соң ғана іске қосылмақ. Осылайша Атырау облыстық перинаталдық орталығында ашылған Ретинопатия орталығы алдағы уақытта облыстың түкпір-түкпірінен келген балаларды диагностикалауға және емдейтін болады.

Бұған дейін AYALA Қайырымдылық қоры Атырау ОПО-на көру қабілетіне байланысты жаңа туған сәбилерді мүгедектіктен құтқаруға көмектесе алатын «Луцентис» препаратының 12 сауытын тапсырған еді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз