eea378f1 4c7b 42f2 9e8d 0b085931c32b 626 000000caee387760

Атырауда карантинде жатқан 22 жасар жігіт екінші қабаттағы терезеден секіріп, қашып кеткен

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Атырауда коронавирусқа қатысты төтенше жағдай кезінде облыстық туберкулезге қарсы диспансерде карантинде жатқан 22 жасар жігіт екінші қабаттағы терезеден секіріп, қашып кеткен.

Ол 18 наурызға қараған түні Литвадан келіп, құзырлы орган өкілдерімен аталған денсаулық сақтау ұйымында оқшауланған.

Ол бұл әрекетінен кейін мамандандырылған әкімшілік сотында жауапқа тартылды. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол мемлекеттік органның белгілеген карантин режимін бұзғанын мойындады. Сот қаулысымен қашқынды төтенше жағдайдағы карантин режимін бұзу бойынша кінәлі деп тауып, бұл жолы әкімшілік ескерту жазасы тағайындалды.

Сіз не дейсіз?

Аслан ЖЕҢІСҰЛЫ,

облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз хатшысы:

  • Бұл оқиғаның орын алғаны рас. Сот отырысынан соң ол туберкулезге қарсы диспансердегі провизорлық орнына қайта орналастырды. Ал, қазіргі уақытта аймақта карантинде 18 адам бар. Оның 13-і облыстық туберкулезге қарсы диспансерде оқшауланса, Жылыой ауданында – 2, Индерде 1 адам бар. Олар – 1 А санатына енгізілген мемлекеттерден келгендер. Ал, облыстық N2 ауруханасында екі адам медициналық бақылауда. Олардың барлығы да 14 күн карантинде болады. Бұл уақытта күніне екі рет дене қызуы тексеріліп, медициналық қадағалау жүргізіледі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған