Жарнама
Медицина

Атырауға алматылық дәрігерлер келді

Өңірге Алматы сурдологиялық орталығының дәрігерлері келді.
 
Атырауға Алматыдан сурдолог-дәрігерлер келді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыста бүгінде кохлеарлық импланты бар 78 бала бар. Алматыдан арнайы келген мамандар 20 балаға арналған сөйлеу процессорын жүйеге келтірді.

— Кохлеарлық имплантация әдісі арқылы естуден айырылған адам сөйлеуді және түсінуді үйренуге мүмкіндік алады. Құрылғыны орнатқан кезде баланы түсіну және аппараттың жұмыс процесін меңгеру үшін ата-аналар баланың жанында отырады. Бүгін сурдолог дәрігерлер сөйлеу процессорларын жүйеге келтіріп, дәрігерлермен тәжірибе алмасты. Болашақта жергілікті сурдолог-дәрігерлер кохлеарлық имплант жүйесінің сөйлеу процессорларын жүйеге келтіруді үйренгенін қалаймыз, деді облыстық балалар ауруханасының сурдолог-дәрігері Гүлбаршын Айденова.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Атырау облыстық балалар ауруханасында сурдологиялық кабинет ашылды. Есту диагностикасына арналған аппараттарды оларға «Теңізшевройл» компаниясы сыйға тартты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button