«САҚТАНСАҢ,САҚТАРМЫН!» ДЕГЕН…

Ғасыр індеті саналған ЖИТС (СПИД) ауруы салғырттықты көтермейді. Оған ЖИТС-ті жұқтырғандардың қатары бойынша Қазақстан Орта Азия елдерінің арасында алғашқы орында келе жатқаны дәлел.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында болған «дөңгелек үстел» басында қатерлі дертпен күресіп жүрген дәрігерлер осы мәселелерді, сондай-ақ адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан сақтану жолдары жайлы мәселелерді талқылады.
«Дөңгелек үстелге» қатысқан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Гүлнәр Мәмбетова, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының дәрігері Айгүл Мұқамбетқалиева, наркология диспансерінің нарколог-дәрігері Светлана Страмоусова, тері-венерология ауруханасының дәрігері Сәуле Сейтжанова, туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігері Амангелді Аймұрзаев, облыстық санэпидқадағалау департаментінің маманы Арайлым Қасанғалиева, қалалық перзентхана дәрігері Әсем Төремұратова, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі Әйгерім Смағұлованың дәйектемелеріне қарағанда, АИТВ инфекциясы мен ЖИТС-ті емдеу өте күрделі. ЖИТС-тен сақтанудың ең сенімді амалы – бұл адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырудан алшақ болу. Сондықтан, адамдарға бұл ауру туралы, одан сақтану тұрғысында түрлі іс-шараларды жүргізу өте тиімді болмақ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз