Жарнама
Медицина

Атырауда Скрининг орталығы ашылды

Облыс орталығында онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған Скрининг орталығы ашылды. Жаңа орталық 2 қыркүйектен бастап өз жұмысын бастап кетті. Ол облыстық онкология диспансерініңбастамасымен ашылып, Владимирский көшесі, 100/2 мекен-жайында орналасқан.

e67255ad f217 4664 96c1 b0328ffcad14 2

Атуларынша, мақсат – ауруды ерте анықтау. Яғни, қатерлі ісіктерді ерте кезеңінде анықтап, алдын алу, сондай-ақ тұрғындарға профилактикалық медициналық көмекті қолжетімді ету. Сонымен қатар, орталықтың ашылуы онкология орталығына түсетінжүктемені де жеңілдетуге мүмкіндік береді.

   Жаңа орталықта маммолог, онкогинеколог, УДЗ дәрігері қабылдайды. Бұл жерде онкоскринингқорытындысы бойынша қатерлі ісікке дейінгі жағдайанықталған пациенттерді әрі қарай тексеру, бақылау, қажет болған жағдайда жолдау жүргізіледі.

  Қабылдауға жергілікті емхана арқылы жолдамамен, алдын ала жазылу арқылы баруға болады. Яғни, орталық қызметі тегін, тек емханадан жолдама алу қажет.

Скрининг орталығының қызметіне қатысты мәліметтер медициналық ақпараттық жүйеге енгізіліп, емханалармен цифрлы түрде интеграцияланған. Бұл пациенттер туралы деректердің жедел алмасуына және тексеру үдерісінің сапалы жүргізілуіне мүмкіндік береді.

Байланыс телефоны: +7 775 515 53 61

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button