Жарнама
Медицина

Атырауда қызық оқиға орын алды!

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 22 жастағы Аянгүл Сәбитова үшемді дүниеге әкелді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 8 қыркүйек — Отбасы күні қарсаңында жарық дүние есіген ашқан нәрестелердің үшеуі де ұл. Сәбилердің екеуінің салмағы 1 келі 800 граммнан, үшіншісі 2 келі 200 грамм.

— Қазір әйелдің де, балалардың да жағдайы жақсы. Балалар анасының қасына шығарылды. Жас ана болған соң сәбилерді бағып, ем-дом жасауға арнайы медбикелер тағайындалды. Қазіргі таңда олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Әзірге қашан шығатындары белгісіз, — деді орталықтың шала туылған нәрестелер патологиясы,  II кезең күту бөлімшесінің меңгерушісі Түрлен Бегеева.

Жас ана жүктіліктің 34 аптасында кесір тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелді. Шұғыл ота орталық директорының орынбасары, білікті акушер-гинеколог дәрігер Асқар Кенжеғалиевтің жетекшілігімен өтті.

Жалпы, Атырау облысында 2022 жылдың 8 айы ішінде 11 333 сәби дүниеге келген.

Біз денсаулық сақтау басқармасынан бұған қосымша мәлімет алуға тырыстық. Ондағы баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратованың айтуынша, соңғы сегіз айда 114, ал, былтыр 109 егіз дүние есігін ашқан екен. Яғни, үшемдер соңғы екі жылда алғаш рет тіркеліп отыр деген сөз. Ал, бүгінгі босанушы ананың бұл – екінші жүктілігі. Бұған дейінгі бір ұлы бар екен.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button