Жарнама
Медицина

Атырауда Беларусь дәрігерлерінің шеберлік сағаты өтті

Атырау облыстық Балалар ауруханасының базасында өңірдің 20 оториноларинголог дәрігеріне арналған халықаралық шеберлік сабағы өтіп жатыр. Іс-шараны Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен «AlmaEco» ЖШС ұйымдастырса, бас демеуші — «ЭксонМобил Казахстан Инк.» компаниясы, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараның мақсаты – мұрын қуысындағы жаңа түзілімдерді заманауи эндоскопиялық және шағын тілікті ғана қажет ететін әдістермен емдеуді үйрету. Шеберлік сабағы барысында әртүрлі патология бойынша Атырау облыстық Балалар ауруханасы дәрігерлерінің қатысуымен 6 ота жасалады. Оқыту бағдарламасын Беларусь Республикасынан келген жоғары санатты маман Иван Горностай жүргізуде.

img 9370

– Шағын тілікті қажет ететін хирургиялық әдістер науқастар үшін анағұрлым қолайлы: отадан кейінгі оңалту кезеңі қысқарады, ал инфекциялық немесе өзге де асқынулардың қаупі азаяды. Бұл тәсіл қазіргі заманғы оториноларингологияда кең таралып келеді. Мұндай шеберлік сабақтары дәрігерлердің біліктілігін арттырып, халықаралық стандарттарға сай сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,- деді ол.

«ЭксонМобил Казахстан Инк.» компаниясының қолдауы медициналық көмектің сапасын арттыруға және мамандардың біліктілігін жетілдіруге ықпал етуде. Жоба оториноларингологиялық көмекті дамытудың маңызды қадамы саналып, болашақта мұндай оталарды өңірлік деңгейде де жасауға мүмкіндік бермек.

  • Шеберлік сағатының басты ерекшелігі – өңірімізге Беларусь елінен келген медицина ғылымдарының кандидаты Иван Горностайдың қатысуы. Аталған компаниялардың қолдауымен жүзеге асқан бұл шара аясында тәжірибелі маман тек біздің аймақта емес, еліміздің өзге өңірлерінде әлі қолға алынбаған күрделі оталарды жасауға ниетті,- деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова.

Шеберлік сабағы барысында жергілікті дәрігерлер халықаралық тәжірибені меңгеріп, оны күнделікті қызметінде қолдануға дайын болады. Бұл өз кезегінде өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттырып, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізбек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button