Атырауда балаларға 3,1 млрд теңгедан астам қаржыға бастапқы медициналық-санитарлық көмектер көрсетілген
МӘМС жүйесін енгізу балалар денсаулығы профилактикасына және оларды емдеуге көбірек қаражат бөлуге мүмкіндік берді. Бір бала үшін жұмсалатын денсаулық сақтау жүйесінің шығындары 22 %-ға өсті.
Өздеріңіз білетіндей, 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды. Қазақстандық балалар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады. Олар үшін жарналарды ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін мемлекет төлейді. Бұл балаларға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана емес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін медициналық көмекті де алуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облысы бойынша филиалы хабарлағандай, емханаларға тіркелген балалар саны жыл сайын артып келеді. 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста 256 мыңнан астам бала емханаларға тіркелген.
Сонымен қатар, облыс көлемінде балаларға бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде 256, 804 жағдай бойынша 3,1 млрд теңгедан астам қаржыға көмек көрсетілген.
«Ағымдағы жылдың 9 айында Атырау облысына балалар тәулік бойғы стационарларда 6 360 жағдайда 1,4 млрд. теңгеге жуық қаражатқа мамандандырылған медициналық көмектер алды. МӘМС жүйесі енгізілгелі медициналық оңалту сынды маңызды бағыт қарқынды дамып келеді. Балалар көрсеткіштері бойынша оңалтуға тегін жіберіледі. 2022 жылдың 9 айында Атырау облысында тәулік бойғы және күндізгі стационарлар жағдайында 1771 жағдай 277 млн теңгеден астам қаражатқа емделді. МӘМС жүйесі халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін стоматологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік беретіні белгілі. Талдау көрсеткендей, МӘМС бойынша стоматологиялық көмектің негізгі тұтынушылары балалар болып табылады. 2022 жылдың 9 айында облысымызда 556,1 млн. теңгеге 235 мыңнан аса жағдайға стоматологиялық қызмет көрсетілді» — деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Газизов.
Атырау облысының селолық жерлерінде 9 айдың қорытындысы бойынша тәулік бойғы және күндізгі стационарларда 2050 жағдайда 236,5 млн. теңгеден астам қаражатқа мамандандырылған медициналық көмектер көрсетілген.
Егер сізде медциналық қызмет көрсету бойынша сұрақтар туындаса, оларды өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау» қызметіне хабарласып, қоя аласыз. Егер ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Дәл осы құралдар сақтандыру мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтында, «Денсаулық сақтау» бөлімінде, «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.