Атырауда 52 бала оңалту орталығынан тегін ем алады
Облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Азаматтық орталықтың» ұйымдастыруымен «Satti DAY» қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында 52 балаға білікті мамандар ұзақ мерзімде ем-дом жасайтын болды, — деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан акцияда логопед-дефектолог, АВ-терапия, балалар психологы, массажист, реабилитолог, невропатолог мамандар күні бойына тегін қызмет көрсетті. «Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсім Биташева іс тігу өнері мен «Атырау футбол лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақылбек Мұқанов футболдан шеберлік сағаттарын өткізді.
Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірлесіп өткізген шарада әлеуметтік жағынан аз қамтылған және ерекше балалары бар отбасыларға барлық жағдай жасалды.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ