Жарнама
Медицина

Атырау жедел жәрдемі күн сайын 1000-нан астам тұрғынға көмек көрсетеді

Атырау облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты дәрігерлер тұрғындарды аптап ыстық кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мамандардың айтуынша, ыстық ауа райы, әсіресе, балалар, қариялар мен жүрек-қан тамырлары аурулары бар жандар үшін қауіпті. Күннің қатты қызатын уақыты — сағат 11:00 мен 17:00 аралығы. Сондықтан серуен мен сыртқы жұмыстарды таңғы немесе кешкі уақытқа жоспарлау ұсынылады.

     — Күннің астында ұзақ жүрмеу керек. Ерекше қажеттілік туындаса, міндетті түрде жазғы бас киім, күннен қорғайтын көзілдірік тағып, ашық теріні жабатын жеңіл киім киген дұрыс.  Суды ағза қажеттілігіне қарай жүйелі түрде тұтыну маңызды. Ауа температурасы жоғарылаған сайын адам ағзасы артық жылуды термен шығарады. Осы кезде денедегі сұйықтық та көп мөлшерде сыртқа кетеді. Мұндай жағдайда сұйықтық тапшылығы туындамауы үшін суды белгілі бір аралықпен, кезең-кезеңімен ішіп отыру қажет,- деді Атырау облыстық Жедел медициналық жәрдем станциясы директоры орынбасарының м.а Анар Аубакар. 

     Дәрігерлердің мәліметінше, тікелей аптап ыстықтан ауруханаға түскен науқастар жоқ. Сондай-ақ жедел жәрдемге де бұл мәселеге қатысты арнайы шақыртулар болмаған. Алайда күн сайын тіркелетін 1000-нан астам шақыртудың басым бөлігі қан қысымының жоғарылауы, дене қызуының көтерілуі және жүрек-қан тамырлары ауруларымен байланысты болып тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button