Атырауға қызылшаға қарсы 20 мың доза вакцина жеткізілді

425fc07b 5026 464f 9d6e 96a75e7d4b83 Медицина

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қызылша, қызамық, паротитке қарсы екпенің қалған 19 мың дозасы(қажеттілік 39 мың) осы апта соңына дейін жеткізіледі деп күтіліп отыр, деп хабарлайды atr.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мамандар келген вакцина дозаларын қалалық және аудандық емханаларға бөліп, таратып жатыр. Жалпы облыста қызылшаны жұқтырғандар саны – 2 290.

  • Қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы бойынша соңғы екі жылда облыста бұл инфекция тіркелмеген. Алайда қазір ауру өршіп тұр. Осы ретте ұжымдық иммунитет қалыптастыру керек. Өйткені инфекция ауа тамшылары арқылы таралады. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қызылшаға өте сезімтал болады және кез-келген жаста ауыруы мүмкін. Сондықтан ауруды жеңудің жалғыз жолы – вакцина. Сондықтан баршаңызды бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.

Қазіргі уақытта облыс бойынша қызылшаға қарсы 21227 тұрғын екпе алған. Негізінен вакцинация алғаш 12-15 айлық дені сау балаларға салынады. Вакцинаны қайта салу (ревакцинация) 6 жасында, мектеп алдында жүзеге асырылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз