Медициналық сақтандыруға салым уақытылы төленбесе қандай айыппұл салынады?

омс 5 Жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) салым уақытылы төленбесе, Ұлттық банктің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінен (16.01.2018 ж. 9.75 теңге) 1,25 есе өсімақы беріледі.

омс-5

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған МӘМС заңнамасына сәйкес, уақытылы төленбеген соманы мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады және төлем жасайтын адам қор есебіне әрбір күнге өтемақы қоса отырып төлейді (қорға төлеген күнде есепке ала отырып).

Мұнымен қоса, егер өтемақы қателесіп тағайындалса, салымшының салымы артық көлемде түссе, төлеушілер артық қаражатын қайтарып ала алады.

2020 жылдан бастап қорға ақша төлемеген азаматтар өткізіп алған уақыт үшін Қазақстанда бекітілген соманың (2018 жылы 28 284 теңге) 5%-ын салу керек.

МӘМС қорының деректеріне сүйенсек, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында сақтандыру үшін 9 млрд-тан аса теңге аударылған. 2017 жылдың шілдесінен бері қордағы қаржы 47 млрд теңгеге жетті.

Оның 39 млрд теңгесі (83% жуық) жұмыс берушілердің бөлген сомасынан, 8 млрд теңгесі (17% жуық) жекеменшік кәсіпкерлер мен тұлғалардан, шарт бойынша еңбек ететіндерден түсті.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз