
Медицина
Атырау облысының 145 мың тұрғыны Covid-19-ға қарсы екпе алды
Вакциналардың толық кешенімен 100 мыңнан астам адам егілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өңірде халықты covid-19-ға жаппай вакцинациялау жалғасуда.
2 тамыздағы мәліметтер бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» вакциналарының I компонентін 1490 жергілікті тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпан мен 2 тамыз аралығында барлығы «Спутник V», «QAZVAC» вакциналарының I компонентімен 145 185 адам егілді. II компонентімен 100 979 жергілікті тұрғын егілді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 — 02 — 92.