Жарнама
Медицина

Ашықтық және болжамдау: Медицинада ресурстардың цифрлық есебі енгізілуде

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының базасында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен цифрлық трансформация жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. 
Отырыстың шеңберінде Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың жаңғыртылған жүйесінің (РБЖ АЖ) функционалын көрсетті, — деп хабарлайды республика Денсаулық сақтау министрлігі.

Медициналық ұйымдардың, кадрлардың және медициналық техниканың цифрлық бейіндері, сондай-ақ оларды 2025 жылы одан әрі дамыту жоспарлары көрсетілді.
Жаңартылған жүйе ресурстардың ашық және тиімді есебін қамтамасыз етіп қана қоймай, денсаулық сақтау инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуеттің дамуын талдау және болжамдау құралына айналуда.
Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша цифрлық бейіндерді дәйекті дамытуды және 2025 жылы жүйенің функционалын кеңейтуді қоса алғанда, РБЖ АЖ жетілдіру бойынша одан әрі жұмыс бағыттары айқындалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button