596f289a8e398

Адамдардың тағаммен бірге қанша пластикалық талшық жейтіні белгілі болды

Медицина

Эдинбург қаласындағы Хериот Ватт университетінің шотланд ғалымдары адамдар әр тағаммен бірге көп мөлшерде пластикалық бөлшектерді тұтынатынын анықтады.

596f289a8e398

Зерттеушілер бұл жөнінде тәжірибе жүргізді. Әр үйге тәрелкенің жанына шаң ұстағыштары бар зертханалық ыдыстар қойылды.

– 20 минуттық ас уақытында шыныаяқтарда 14 пластмасса пайда болды, бұл 114 пластикалық талшыққа тең. Зерттеушілер бөлшектердің қоршаған ортадағы тұрмыстық заттардан, жиһаздар мен маталардан шығатынын айтты. Олардың сөзінше, кейін бұл бөлшектер шынаяққа түседі екен, – деп жазады Life.ru.

Зерттеу нәтижесі адам ағзасына жылына 68 000 пластикалық талшықтар еніп жатқанын көрсетеді. Егер сіз тамақтану уақытын ғана емес, сондай-ақ оның әзірленуін есепке алсаңыз, пластикалық талшықтар саны 207 мыңға дейін өседі.

Хорлан СМАДИЯР

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған