Атырауда медицина қызметкерлерінің мерекесі кең көлемде аталып өтті

АҚПАРАТ АҒЫНЫ Жаңалықтар

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында медицина қызметкерлерінің мерекесі кең көлемде аталып өтті. Салтанатты жиын облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтаудан басталды.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Өңірде медицинаны дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Материалдық-техникалық база, кадр әлеуеті секілді мәселелер өз шешімін тауып жатыр. Осыдан бес жыл бұрын өңірдегі өмір сүру жасы ұзақтығының орташа көрсеткіші 69,9 болса, былтыр 72,5-ті құрады. Мұны дәрігерлердің жұмысының жемісі деп айтуға болады. Қазір Атырауда Астана мен Алматыдағыдай жоғары мамандандырылған оталар заманға сай қондырғылармен жасалуда. Қазіргі әлем елдеріндегідей медициналық туризмді дамыту үшін облыстың денсаулық сақтау саласында бар мүмкіндік жасалған. Облыс басшылығының атынан жауапкершілігі зор игілікті еңбектеріңізге алғыс білді-ремін,-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы бірқатар медицина қызметкеріне түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады. Атап айт-қанда, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Атырау облыстық филиа-лының директоры Майра Кашкенова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уайсов, Исатай аудандық орталық ауруханасының ардагері Күләш Нұрманова, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен облыстық онкологиялық диспансерінің онкогинеколог дәрігері Эльмира Сапарова, Құрман-ғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Ғалия Құтәлиева, №4 Атырау қалалық емханасының терапевт дәрігері Гүлнар Оразова, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің Махамбет ауданындағы №4 өкпе терапия бөлімшесінің фтизиатры Сайлаухан Саптаяқова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Әлия Бекешева марапатталды.

Бір топ дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хатына, Ұлттық медициналық қауымдастығының  «Мейіргер», «Медицина саласының үздігі» және «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілеріне ие болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева жауапты қызметте абыройлы еңбек етіп келе жатқан өз әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады.

Өңірдің бас дәрігері халықтың ықыласына бөленіп жүрген облыстық балалар ауруханасының хирургі Догдургүл Жапароваға «Алтын шеберлік», облыстық аурухананың интервенциялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мұрат Қайралиевке және облыстық кардиологиялық орталығының дәрігер-аудиті Любовь Счастновскаяға «Кәсібіне адал», облыстық перинаталдық орталығының неонатологы Алмагүл Халидоллинаға «Періште қорғаны» номинациялары бойынша сыйлықтар табыстады.

Шарада медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен спарта-киаданың қорытындысы шығарылып, соңы концертке ұласты.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз