ЭКО: Атырау облысында жасанды ұрықтандыру үшін 232 квота бөлінеді

ca53f534450cdc7a85fb0c84e6787ff255fad0d8 Медицина

«Биыл 7000 үміткер «Аңсаған сәби» президенттік әлеуметтік бағдарламасы аясында ЭКО жасатып, ата-ана атану мүмкіндігіне ие болады. Осы мақсатта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы, 6,2 млрд. теңге жұмсалады» деп хабарлайды Atr.kz

2020 жылмен салыстырғанда бұл процедураға квота саны жеті есе артып отыр. 2018 және 2019 жылдары ЭКО 902 циклден жүргізілген болатын.

Атырау облысы бойынша ЭКО жасатуға бөлінген квоталар санына тоқталатын болсақ: 2018 жылы – 29 квота, 2019 жылы – 30 квота, ал 2020 жылы – 37 квота бөлінген. Ағымдағы 2021 жыл үшін ЭКО жасатуға – 232 квота бөлу жоспарланып отыр.

Атап өтерлігі, Қазақстанда есепке тіркелген бала туу мүмкіндігі жоқ әйелдердің саны 11 мыңнан асып жығылады.

Экстро – корпоралды ұрықтандыру процедурасын жасату үшін –  ең әуелі тұрғылықты мекен жай бойынша арнайы мамандарға жүгініп, диспансерлік есепке тұру қажет, соған сәйкес денсаулық сақтау басқармасы жанынан ЭКО бағдарламасы бойынша квота алу тізімі жасалады.

Процедура алуға мүмкіндік беретін басты дәйек – терапиямен емделмейтін бедеулік. Сонымен қатар, үміткер Қазақстан азаматы болуы тиіс. Және денсаулық жағдайындағы көрсеткіштер Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сай келуі қажет.

Еске сала кетелік, 2021 жылы МӘМС бойынша 7000 ЭКО жасалады. Осы мақсатта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 6,2 млрд. теңге қаржы қарастырып отыр.

eko kaz 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз