Жарнама
Медицина

47 000 тұрғын екпе алды

АТЫРАУЛЫҚТАР ЕКПЕ АЛУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП ОТЫР. ҚАЗАН АЙЫНЫҢ БАСЫНАН БЕРІ САЛЫНА БАСТАҒАН ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕНІ ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ 47000 ТҰРҒЫН АЛҒАН. ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘЛІМЕТІ БОЙЫНША, БИЫЛ ТҰМАУДЫҢ ЖАҢА ЭПИДЕМИЯЛЫҚ МАУСЫМЫНА РЕСЕЙЛІК ӨНДІРІСТІҢ «ГРИППОЛ+» ВАКЦИНАСЫНЫҢ 65000 ДОЗАСЫ САТЫП АЛЫНҒАН.

Ал, дәрігерлер жіті респираторлық вирустық инфекциядан әсіресе, тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолы осы екпе екенін ескертті.

– Әсіресе, бес жасқа дейінгі балалар мен алпыс бес жастан асқан қарттар, жүкті әйелдер мен созылмалы сырқаты бар адамдар, әсіресе қан тамырлары, тыныс алу органдары, сусаққа шалдыққандар тұмаудың асқынған түрімен ауыруы мүмкін. Өйткені, бұл адамдарда иммунитет қорғанышының көздері төмен, сондықтан, оларға тұмау жұқтыру аса қауіпті. Ал, одан сақтанудың ең тиімді тәсілі – екпе алу, — дейді №4 қалалық емхананың дәрігер-эпидемиологы Тілепберген Хамзин.

Тұмауға қарсы екпені дерттен сақтану үшін жыл сайын алатын тұрғындар аз емес. Солардың бірі – Балқия Әленова екпеден кейін қолайсыз реакциялардың болып көрмегенін айтады.

– Тұмау өзге ауруларды қоздырып, түрлі дертке себеп болатындықтан, маусым басталысымен-ақ екпе алуды әдетке айналдырдым. Бұл өзімнің ғана емес, отбасымның да саулығын қорғауға көмектеседі. Сондықтан, тұрғындарға екпе алуға кеңес беремін, — дейді ол.

Ал, денсаулық сақтау вице-министрі-Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Астанада өткен баспасөз брифингі кезінде Қазақстанда қараша айында тұмаудың үш штамы таралуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button