Атырауда 722 жұп ЭКО кезегінде тұр

yeko 640x480 1 Жаңалықтар

Atr.kz/3 қыркүйек, 2020 жыл. «Биыл облыста 37 жұпқа экстракорпоральды ұрықтандыруға квота берілді.

Өткен жылы осындай квота 30 жұпқа берілген болатын» деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жасанды ұрықтандыру жолымен сәбилі болу үшін кезекте тұрған әйелдердің жас ерекшелігі негізінен 24-42 жас аралығын құрап отыр.

Еске сала кетелік, бүгінгі таңда ел бойынша 14 мекеме жасанды жолмен ұрықтандырумен айналысады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының қатарында ​ Атырау қаласы да бар.

ЭКО жасатушыларға қаражат Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленіп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз