Атырауда 14 медициналық ұйым құрылысы жоспарлануда

img 20220610 wa0021 Медицина

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында 14 медициналық ұйымының құрылысы енгізілген. Қазіргі таңда оның 4-і іске асырылуда.

  • – Атырау қаласында Өркен және Нұрсая шағын аудандарында №4 және №5 қалалық емханаларға 250 келушіден тұратын қосымша екі қалалық емхана салу жоспарлануда. Емханалардың жобалау-сметалық құжаттары жасақталды. Сонымен қатар, 250 емделушеге арналған психикалық денсаулық орталығын салу көзделуде. Құрылыс жұмыстары осы жылдың 4-ші тоқсанында басталады, деді А.Байдуәлиев.

Басқарма басшысының айтуынша, Атырау қаласынан Жедел жәрдем станциясын 3 подстанциясымен салу жобасына түзету енгізілді. Қазіргі таңда жоба Ішкі аудит департаментінде сараптамадан өтуде. 2022 жылдың 3-тоқсанында құрылысы басталады. Сондай-ақ, ол онкологиялық диспансер маңынан радиологиялық корпус салу жоспарланғанын, қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаты жасақталып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстың денсаулық сақтау жүйесіндегі 35 ұйымда, 6747 медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз