ЕМІ ШИПА, СӨЗІ ДӘРУ

Бүгін таңда №1 қалалық емхана 67 мыңдай тұр-ғынға медициналық қызмет көрсетеді. Осындағы 50 кереуетті күндізгі стационар емхананың үшінші қабатында орналасқан. Мұнда емделушілер сырқатына орай қажетті емін алады. Стационарда бронх-демікпе, жүрек қан тамыр, қол-аяқ сырқаты, қант диабеті, гепатит, ревматология, жүктілік патологиясы, өзге де көптеген ауруларға шалдыққандардың сапалы ем алып шығуларына барлық жағдай жасалынған. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Ақ желеңді медбикелер де бір тыным табар емес.

 

Күндізгі стационарлық емхана да (суретте) медициналық салада отыз жылға жуық өтілі бар жоғары санатты дәрігер Жайнагүл Теміралиева, медбикелер Жаңылсын Басығариева, Рысты Смадиярова шипалы емдерімен емделушілердің шынайы ілтипатына бөленуде. Жыл сайын олардың шипалы емдерінің арқасында екі мыңға жуық науқас сапалы ем алып шығады. «Жылы лебіз» кітабынан осы аталған ақ желеңді жандардың атына айтылған ризашылық алғыстарды көптеп оқуға болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз