negegege

Исатай Балмағамбетов: «Журналистикада туған жерді жырладым…»

Мәдениет
18 / 100

Белгілі қаламгер, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, республикалық «Сарайшық» журналының бас редакторы Исатай Құндызбайұлы Балмағамбетов асқаралы алпыс жасқа толды.

Қолына ерте қалам ұстаған дарынды жас ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірісімен еңбек жолын облыстық «Атырау» (сол кездегі «Коммунистік еңбек») газетінде тілші болып бастады. Одан кейін республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің батыс облыстардағы меншікті тілшісі қызметінде шарболаттай шыңдалу мектебінен өткен ол Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы, көптеген басылымдардың бас редакторы болып журналистиканың жамбозына айналды.

Кейінгі кезде облыстық «Атырау» газетін он жыл бойына басқарған Исатай Құндызбайұлының кейінгі буынға берер тәлімі, айтар тағылымы да аз емес. Біз онымен мерейтойы қарсаңында ой бөліскен едік.

– Кең Жылыойдан қанат қағып, қияға самғаған талантты тұлғалар аз емес. Исатай Құндызбайұлы, соның бірі – өзіңіз. Қырық жылғы журналистік тәжірибеңіз сізге зор бедел, асқақ абырой сыйлады. Марапаттарыңыз да жетерлік. Оның үстіне Жылыой ауданының Құрметті азаматысыз. Туған жердің түтіні қай қиырда жүрсеңіз де жадыңызда шығар?

– Әрине, «әркімге де туған жері – Мысыр шаhары» деген сөз бар ғой. Дүниеге шыр етіп келіп, кіндік қаның тамған, тәй-тәй басқаннан топырағына табаның тиген, сонда ес біліп, сана-сезімің қалыптасқан туған ауылыңды ұмыту әсте мүмкін бе?! Кейде майшағылында асыр салған балалық шақтың түсіме кіріп, сол бір кәусар кезеңге деген сағыныш жүрегімді сыздататыны бар. Өйткені, ең мұңсыз саналатын өміріңнің бақытты сәті сол ғой. Менің қазір жұрты ғана жатқан ескі Қаратон кенті хақында ойлағанда ерекше бір қимас сезімге бой ұратыным да содан.

– Журналист мамандығын қаладыңыз. Қаламды басқа «тиімді, жалақысы жоғары» мамандыққа айырбастап кеткен әріптестеріңіз де болды. Ал, сіз кәсібіңізге адалдық танытып, ешқайда ат басын бұрмадыңыз. Өкінбейсіз бе?

– Журналистік – менің өзім таңдап алған, әрі жаным сүйіп, жазуда жүзіп жүріп атқаратын кәсібім. Ешқашан өкінген күнім болған жоқ. Осындай өмірлік «құдіретіммен» тап қылған тағдырыма табынумен өтермін. Абыройсыз да емеспін. Жалпы, өзгелердің жылт екен жетістігін паш етіп, өздері ұдайы қалтарыста қалатын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің «арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» (Шерхан Мұртаза) болып келген еңбегі де ескеріліп отырғаны жөн ғой деп түсінемін.

Жақында өзім пір тұтатын ұлы ұстазым, қазақтың ғылыми журналистикасының негізін салушы Тауман Салықбайұлы Амандосов атындағы облыс әкімінің сыйлығына ие болдым. Бұрын өзім бас редактор болғандықтан, қарамағымдағы қызметкерлерді ұсынып, этика сақтап келіп едім. Кейінірек болса да пешенеме бұйырған ұстазым атындағы бұл сыйлық мерейімді өсіргенін атап айтар едім.

Жалпы, биыл жүз жылдық мерейтойы атап өтілетін Тауман ағаның сүйікті шәкірттерінің б і р і б ол ғ а н ы м д ы ма қ т а н етемін. Оның айқын дәлелі – ол кісінің мені университетті бітіргеннен кейін де болашағыма алаңдап ұдайы хабарласып отырғандығы, аспирантурадан орын алып қойып жылдар бойы күткендігі. Өкінішке орай, отбасы жағдайына (шиеттей балалы ата-анама көмектесу үшін) байланысты Алматыға қайтадан баруға мүмкіндік болмады.

0 44

Бұған ұстазым жөнінде жазған «Тау тұлға» атты очеркімде жан-жақты тоқталған едім. Осы жерде көптен ойымда жүрген бір пікірімді бүкпей айта кетейін: Кім-кімнің де елге еткен еңбегі уақытында ескеріліп, құрметтеу де уақытында көрсетілгені жөн. Әйтпесе, әбден мәужіреп, қартайғанда берілген атақтың нендей қадыр-қасиеті бар? Тіпті, сол адамның өзі сондай құрметке ие болғанын жете сезініп, көңілі тұшынбаса?..

– Өзіңіздің балалық шағыңыз, өскен ұяңыз, ата-анаңыз туралы айтсаңыз. Оқырмандар отбасыңыз туралы да білгісі келеді…

– Мен үлкен отбасында дүниеге келдім. Он бір баланың үлкенімін. Әкем Құндызбай инженер-механиктік жоғары білімі бар болса да, осы көп балалы отбасын жеткізу мақсатына бәрін айырбастап, өзі біраз жылдар абыроймен атқарған гараж бастығы, бас механик жұмыстарын тастап, «жалақысы жоғары» деп кейіннен қарапайым жүргізуші болды. Фариза апайдың әкем туралы көзінше айтқан бір сөзін еш ұмытпаймын: «Құндызбай, балаларың үшін мұндай қадамға барғаның ерлік, соны олар түсінсе ғой…». Мені Алматыға оқуға апарған кезде тым ұяң болатынмын, апайдың соған қарап айтқаны ма екен деп ойлаймын бүгінде.

Әкеммен елдің жаңалығын сұрап ұзақ әңгімелесетін Фариза апай «мына бала бір пысымай-ақ қойды» деп кейін студент болған кездерде де ақыл-кеңесін айтып отыратын. Жан-дүниесі бай, әдебиет пен өнерге жақын әкетайым қазақтың көп марқасқа жазушылары мен өнер қайраткерлерін жақсы таныды, аралас-құралас болды. Біздің үлкен шаңырақта қазақтың көрнекті тұлғалары – ақындар Тұманбай Молдағалиев, Фариза Оңғарсынова, Өтеген Оралбаев, жазушылар Мереке Құлкенов, Уәлихан Қалижан, Зейнеп Ахметова, майталман өнерпаздар Нұрлан Өнербаев, Біржан Берғозиев, С екен Тұрысбеков және басқа да көптеген қайраткерлер болып, дәм татты. Жалпы, әкемнен біздің үйренгеніміз өте көп. Ол газетжурналдарға мақала, әңгіме жазып тұрды, өлең шығаратыны да бар еді, оның үстіне фото түсіру ісімен тұрақты айналысты, суреттері газеттерге шығып тұрды.

Тіпті, маталарға неше түрлі бояумен суреттер салғанын да көзім көрді, ол бейнелеген табиғат пейзаждары үйіміздің қабырғасында күні кешеге дейін ілулі де тұрды. Бір сөзбен айтқанда, ешқашан бос отырмайтын нағыз еңбекқор жан болатын, бар-жоғы 61 жасында кенеттен өмірден өтті. Ал, анам Тойған – Батыр ана, «Алтын алқа» иегері. Балабақшада тәрбиеші болды, біздің бәріміздің күні бүгінге дейін ақылшымыз, жан жылуын аямаған өте мейірбанды адам. Қазір, шүкір, немере-жиендерін, шөберелерін сүйіп отыр. Өзімнің екі ұл, бір қызым бар. Бәрі де аяқтанған, үйлі-баранды. Бір жиен, төрт немереміз бар. Жұбайым Қанағат – мектепте оқу ісінің меңгерушісі. «Анам – Тойған, зайыбым – Қанағат» деп, шүкірлік айтып жүріп жатқан жай бар.

– Б е л г і л і ж а з у ш ы Р а х ы м ж а н О т а р б а е в а ғ а м ы з б і р с ұ хб а т ы н д а қазақ журналистикасының тәуелсіздік алған Қазақ елінің іргесі бекуіне қосқан зор үлесі туралы толғанған еді.
Публицистика нақ осы бағытта әдебиеттен де озып кеткенін айтты. Сіз бұған не айтар едіңіз?
0 42

– Қазақтың көрнекті жазушысы Рахаң – Рахымжан Отарбаев – менің ең жақын рухани ағам. Көзі тірісінде қоян-қолтық араласып, сырласып, ой-пікір бөлісіп тұратын едік. Әсіресе, соңғы он жылдың бедерінде күн сайын дерлік жүздесіп, әдебиет, мәдениет, руханият төңірегінде толғанатын Рахаңның көп әңгімелеріне қанықтым. «Інім, көркем дүниеңді жаз, барлық қажыр-қайрат редакторлық қарбаластың астында қалып қоймасын» деп отырушы еді жарықтық. Көрнекті композитор, бір жағынан өте жақын қайынағам болып келетін, әулетімізбен әуелден аралас-құралас Илья Жақанов та Рахаңмен бәріміз бірге отырғанда «Рахымжанның айтуы өте дұрыс, Исатай…» деп қостайтын. Мұны мен Рахымжан ағам туралы сөз қозғалып қалған соң еске алып жатқаным ғой… Рахаңның жоғарыдағы пікіріне толықтай қосыламын. Ұлттық мүддені ұлықтауда, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуында қазақ баспасөзінің үлесі зор.

– Журналист болсам деген жастарға айтар ағалық ақылыңыз…

– Журналист болу құр армантілекпен орындалмайды. Бұған ең алдымен тума талант керек. Өз басым біздің ҚазМУ-дің журналистика факультетіне түскен кезіміздегідей қатаң талап (қос сатылы шығармашылық конкурс) қойылып, бойында ұшқыны барларды ғана іріктеп оқыту жөнінде үнемі айтып жүремін. Со сын үздіксіз де, терең ізденіс қажет. Онсыз редакция жағалаудың қажеті жоқ. Өзін-өзі қинап, қолынан келмейтін іспен айналысқанның несі жақсы?..

– Қ а з а қ Ұ л т т ы қ университетінің журналистика факультеті – қастерлі қара шаңырақ. Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығын бірге кешкен курстастармен хабарласып отырасыз ба?

– Қазақ Ұлттық университеті, соның ішінде журналистика факультетінің біз оқыған кездегі беделі ерекше мықты еді ғой. Ұстаздарымыз қандай еді. Басқасын айтпағанда, Тауман Амандосовтай тау тұлғаның алдын көрудің өзі неге тұрады десеңізші! Зейнолла Қабдолов, Әбілфайыз Ыдырысов, Қабижан Құсайынов, Зейнолла Тұрарбеков және басқа да ұлағатты ұстаздардың алдынан тәлім алдық. Курстастармен хабарласып тұрамыз. Алматыда ғалым Мақсат Тәж-Мұрат, Астанада жазушы Мақсот Ізім, журналист hәм суретші Сейсенхан Махамбетов, Ақтөбеде ақын Ертай Ашықбай сынды белгілі тұлғалар бар, барып-келіп, телефон шалып, тығыз байланыстамыз. Астана мен Алматыға барсам, жүздесіп, өзара кеңқолтық пікірлесеміз.

– « А т ы р ау – А қ п а р а т » м е д и а х о л д и н г і – ү л ке н шығармашылық құрылым. Биыл құрылғанына 20 жыл толады. Осы уақыт бедеріндегі жұмысына қандай баға берер едіңіз?

– Өте орынды сауал. Бұл медиахолдинг – еліміздегі тұңғыш, әрі өзін-өзі ақтаған құрылым. Жиырма жылда біраз тарих жатыр. Әр жылдың өзіндік өрнегі, өзіндік ізі бар. Осы уақыт ішінде өсті, қанатын кеңге жайды деп айта аламын. Медиахолдингтің қазіргі директоры Ысқақ Дүйсембайұлы Егембердиевтің іскерлігіне, ойға алған тың бастамалары мен жаңашыл идеяларына өз басым қызығамын, тәнті боламын. Оның бірінші орынбасары Рауан Сәбитов те – жас та болса, істің парқын жақсы білетін, үлкенге ізетті, кішіге қамқор азамат.

Кәсіпорынның б ұ р ы н – с о ң д ы б о л м а ғ а н стратегиялық даму жоспары нақты жасақталып, бекітілді. Бүгінгі күннің талабына сай жаңа медиа саласы күннен-күнге серпін алып келеді. Қаржылық, материалдық-техникалық базаны нығайтуға жіті көңіл бөлінуде. Ең басты жаңалықтың бірі – мұнайлы аймақта тұңғыш рет республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Сарайшық» ж у р н а л ы н ы ң ж а р ы қ қ а шыққандығы. Журналдың өз алдына дербес редакциясы құрылып, жүйелі жұмыс жасауға көшті. Сондай-ақ, тағы бір «Атырау» атты ақпараттық-имидждік журнал шығаруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Оның алғашқы нөмірі осы «АтырауАқпараттың» 20 жылдығына арналмақ.

– Ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ жұмыспен, көркем прозамен айналысып жүрсіз бе? Арамызда аяқ астынан ақын атанып, «қартайғанда кәрі боз жорға шықты» дегендей, кітаптарын шығарып жатқан ағалар да бар. Ол кісілерге кезінде әдебиетпен айналысуға журналистиканың бір мігір көрмейтін сүргіні кедергі болды-ау деген де ой келеді…

– Көркем прозамен өз басым өте ерте айналыстым. Мектеп бітірген жылы Фариза апама барғанда повесть жазып апарғаныма не дерсің. Апай «көрдің бе, біздің балалар ірі турайды ғой» деп, оны сол бойда өзінің «Пионер» журналында қызмет жасайтын жазушы Мәди Айымбетовке (бүгінде белгілі қаламгер) қарауға берді. Артынан Мәди аға мұқият оқып шыққанын, сын-е скертпелерін айтты, түзетуге өзіме берді. Мен бірден журналға жарияламағанына өкпелеп, жатақханаға келгесін әлгі повесімді жыртып, өртеп жібердім. Сосын 3-курсқа дейін повесть түгіл, әңгіме де жазбадым, бірыңғай журналистикамен айналыстым. Кейіннен шыдай алмай там-тұмдап жаза бастадым.

Онымды аты мәшhүр қаламгер ағаларым Мағзом Сүндетов пен Зейнолла Серікқалиевке көрсетіп жүрдім. Ақыры, университет бітірерде Зейнолла ағаның тікелей араласуымен «Екеу» атты әңгімемді жас ақын-жазушылардың «Арман қанатында» деген жинағына ұсынып, ол кітап 1984 жылы баспадан шықты. 80-90 жылдары бір топ көркем әңгімелерім «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жалын» журналында жарияланды. Қазір де жазамын, бірақ баспасөзге де, баспаға да бергенім жоқ. Бұйыртса, алдағы уақытта жеке кітап етермін. «Бәрін бірден бітірем деу – ештеңе істемеу деген сөз» деген екен Г. Лихтенберг. Әзірге басыбайлы журналистиканың өкілі бола тұрайын…

Әңгімелескен: Сәулеш ШӘТЕНОВА, ҚР Мәдениет қайраткері
1 13

Сіз не дейсіз?

Бауыржан ОМАРҰЛЫ,

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Исатай Балмағамбетов – өңірлік ақпаратты өмірлік ақпаратқа айналдыра білген жігерлі журналист, парасатты публицист.

Қаршадайынан «Қазақстан пионерінде» жарқырай көрінді. «Жас Алаштың» жалаулы найзасын қолға алып, батыс аймақтағы тілшілер

қосынының шаңырағын көтерді. Айдынды «Атырауды», айбынды «Алтын орданы» басқарды. Жуырда ғана Ақпарат үйінен отау құрған «Сарайшыққа» туын тікті. Ақтабанын ерттеп мініп, қол бастаған арғы

Исатай сияқты, бергі Исатай да қаламын қайрап, кейінгілерге жол бастап, келеңсіздікке қарсы күресіп келеді.

Енді, міне, желден жүйрік алпыс құланды қайырып әкеп Жайықтың жағасында тұр… Алпысы алысқа бастасын, ғұмыры ұзақ, шығармашылығы ширақ болсын!

Нұртөре ЖҮСІП,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты:

1978 жылы ҚазМУ-ге бірге түстік. «Горный гигантта» алманы бірге тердік. «Саяхаттың» түбіндегі орыс кемпірдің пәтерінде бірге жаттық. Ақпарат саласында қатар қызмет еттік…

Исақаң да 61-ші жылғы, ақпанның 20-сында шыр етіп жарық дүниеге келген екен. Біз де сол сиыр жылының төліміз. Осыдан алпыс жыл бұрын Жылыой ауданы, Қаратон ауылында өмірге келген Исатай Құндызбайұлымен әрі дос, әрі құрдас, әрі сырлас болғаным үшін де мақтанамын.

Еңбек еткен жерінде із қалатын азаматтар болады. Исақаң сондай азамат. Редактор ретінде өзінің креативтілігімен, жаңашылдығымен ерекшеленгенін әріптестері әрдайым айтып жүреді. Жазу машығы қалыптасқан, өзіндік болмыс-бітімі бөлек. Не жазса да зерттеп, зерделеп жазады. Әр сөздің салмағын біледі. Кейінгі жас буынға көрсетер үлгі-өнегесі де мол.

Ерекше тәнті болатыным – Исатай қашан да оқу дағдысынан жаңылмайды. Жаңа кітап көрсе, дереу сатып алып, жата-жастана оқиды. Үнемі оқу, іздену, білім игеру – студент кезінен қалыптасқан дағдысы.

Осынау мерейлі күнде Исатай Құндызбайұлына және оның отбасына амандық тілей отырып, атқа мінген азаматтың қашанда абырой биігінде болуына тілек қосамын. Жағың түспей, жамандық көрме, жан досым!

Қали СӘРСЕНБАЙ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, «Ана тілі» газетінің бас редакторы:

Исатай Балмағамбетов – қазақ журналистикасының көрнекті өкілі. Мен оны сонау Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетіндегі кезінен, демек наган кезінен білемін. Сол тұста, яғни

80-ші жылдары журфакта Мұхамеджан Сералин атындағы әдеби бірлестік жұмыс істеді, соның төрағасы Исатай Құндызбайұлы болатын. Әдеби туындылары республикалық басылымдарда үздіксіз

жарияланатындардың бірі де біздің Исекең еді. Бүгінде белгілі қаламгерлер Н.Ораз, С.Дүйсенбиевтің тұсауын кескен де – осы бірлестік. Осы жүйріктермен қатар жарысқан оның шабысы да, шабыты да бөлек еді. Сол тұстың өзінде-ақ аузы дуалы, сөзі уәлі тұлғалардың биік бағасын алған ол егер осы әдеби сүрлеумен кеткенде, сөз жоқ, өз биігін еншілер еді.

Ол бүгін де шығармашылық өрлеу үстінде. Оның дәлелі – су жаңа «Сарайшық» атты журналды рухани кеңістікке шығарғаны. Қазіргі аяқалысына қарап, бұл басылымның да ел сүйіспеншілігіне бөленетініне сенім шүбәсіз. Қазақ баспасөзінің корифейі Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың лауреаты Исекең – қай кезде де ұстаз аманатына адалдығын өзінің ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасымен дәлелдеп келе жатқан, есімі елге кеңінен танылып, тұлғалық биікке көтерілген азамат.

Осынау зымыран жылдар ішінде адамгершілікке негізделген өнегелі өмірімен жиған орасан зор абыройы қазір өзіне қызмет етуде.

Қызмет еткені сол – маған жиі телефон шалатын Илья ағам әңгіменің арасында Исатайды ұмытпайды. «Мұнда Исатай бар ғой» дейді.

Алаштың арда тұлғасы біздің досымызды ауызға алғанына өз басым кәдімгідей биіктеп қаламын. Аттан түспей аман жүр, жақсылар жақсы көретін дара досым!

0 43

Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ,

әдебиеттанушы-ғалым, эссеист, филология ғылымдарының кандидаты:

…Бір жолы елге барғанда Ескі Қызылқоға қаласының жұрты жатқан жерге тақау Қылыш Мақан деген ауылдың үстінен түскенім бар. Шеркештің Қылышкестен тақтасының көне көңі екен. Бұл елден Рахметолла, Нұрман, Нұрмұхамед дейтін үлкен молда кісілер шыққан. Хасен хазірет Нұрмұхамедұлы, баяғы Батыс Алаш-Орданың дін бұйдасын ұстаған, Женевада Ұлттар лигасының мінберінен сөз сөйлеген мықтымыз осы тұқымнан. Бүгінде алпыстың асқарына алқынбай шығып отырған Исатай Құндызбайұлы да осы кәделі тұқымның ұрқынан.

Құндызбайдың Исатайы екі қасиетімен тәнті етеді. Біріншісі – жастайынан аңсары ауып қалған журналистік мамандығына адалдығын сақтап қалғаны. Күніге осы мамандығының жаңа қырларын ашып, ғажаптанып отыратыны. Екіншіден, ол туған жеріне деген адалдығын сақтады, туған жеріне алып шынар секілді тамырын терең жайды…

Әділ ҚОЙТАНОВ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры:

80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында қазақ журналистикасына талантты жаңа толқын келді. Тәуелсіздік алған кезден бастап жаңашылдықтарды жүзеге асырған буын еді бұл. Таралымы 300 мың данадан асатын «Лениншіл жас» газетіне де осы буынның өкілдері бір лек болып шоғырланды.

Аптасына бес рет шығатын, республикадағы басқа басылымдардан таралымы әлдеқайда көп газеттің меншікті тілшісі болу – аса жауапты жұмыс. Бұл қызметке аймақтарда аты ауызға ілінген қаламгерлер таңдалатын. Сондай мықты журналист Исатай Балмағамбетов болды.

…Республикалық «Алтын Орда» газетін төрт жыл, облыстық «Атырау» газетін он жыл бойы абыроймен басқарды. Қазір «Сарайшық» журналының екі тізгін, бір шылбырына ие болып отыр.

Журналистикаға деген махаббат оны әлі күнге алға жетелеп келеді. Қатарың ортаймай, абыройың аласармай, мұнайлы өңірдің және еліміздің дамуына үлесіңді қоса бер, қаламы қарымды қаламдас!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған