Жарнама
Мәдениет

Жолдағы қауіпсіздік бәрінен маңызды

Осы жылы Атырау облысының аумағында 116 жол-көлік оқиғасы орын алды, оның ішінде 10 жағдайда кінәлілер масаң күйінде болған.

53 адам қаза тапқан, оның ішінде екі жасөспірім бала.

Автомобиль апаттарының негізгі себебі жол қозғалысы ережелерін сақтамау болып табылады.

Жалпы облыс бойынша жол-көлік құқық бұзушылығын жасағаны үшін соңғы 2 жылда 60 жүргізуші сотталып, оның ішінде 35 адам 1-ден 7 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған.

«Біз жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – уәкілетті тұлғалар мен ведомстволардың ғана жауапкершілігі емес екенін ұмытпауымыз керек, бұл жол қозғалысына қатысушылардың басты міндеті», деп атап өтті облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ.

Облыс прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және адамдардың жарақаттануы мен өліміне жол бермеуге шақырып, сондай-ақ жолдардағы өзара сыпайылық туралы еске салады. Секундтарды үнемдеуге тырысып, жүргізушілер өздеріне ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді.

Жолдардағы барлық өлім жағдайлары жүргізушінің жауапсыздығынан болатынын түсіну маңызды.

«Автокөлік әуесқойлары көлік құралын қауіпсіз пайдалануды ерекше қамтамасыз етуі, айналасындағыларға жанашырлық танытуы, жол-көлік оқиғасында қаза тапқан әрбір адамның артында олардың отбасылары – ата — аналары, жұбайлары, балалары, жақындары қалатынын ұмытпауы тиіс», деп қорытындылады қадағалау ведомствосында.

Атырау облысының прокуратурасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button