Жарнама
Мәдениет

Жеңісті жақындатқан «Қанатты қыз»

Қазақтың қаһарман ұшқышы Хиуаз Доспанованың ерлігін екінің бірі біле бермейді. «Қанатты қыздың» есімін ел есінде сақтау мақсатында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры «Хиуаз» драмасын сахналады.

Хиуаз Доспанованың өмір жолына құрылған деректі драма камералық спектакль ретінде қойылды. Яғни, көрермендер актерлармен бір алаңда қойылымды тамашалауға мүмкіндік алды.

hiuaz 3

Театр сахнасында майдан психологиясын бейнелеудің қиын екені белгілі. Хиуаз Доспанованың жас кездегі бейнесін актриса Нұргүл Шманова, ал, егде жасқа келген шағын мәдениет қайраткері Сәуле Байменова шебер сомдап шықты. Талантты актрисалар кейіпкерлердің оқ пен оттың арасында жоғалмаған албырт сезімі мен шынайы мінездерін беруге баса көңіл бөлген. Сахнадан майдандағы махаббат пен достықтың жасандылықтан ада болатынын көрдік, қайсар қыздың қаусаған қарияға айналған кездегі жан азабын сезіндік.

hiuaz 4

Иә, фашистер «түнгі мыстан» деп атаған Хиуаз Доспанованың майдандағы оқиғалары көрермен ойына қозғау салғандай болды.

Көзіқарақты көрермен туындының режиссері Мұқанғали Томанов пен суретші Темірбек Мұхтаровтың еңбегін жоғары бағалады. Қойылым соңында «Шығармашылық ұжым Халық қаһарманының майдандағы көзсіз ерлігін асқан шеберлікпен қоя білді» дейді театрсүйер қауым.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button