Жарнама
Мәдениет

ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚ БЕЛАРУСЬ ҚЫЗЫ

Енді, міне, Қостанай қаласында өткен республикалық «Абай оқулары» байқауында бас жүлдені қанжығасына байлады.
Әсемгүл Стомма алқалы доданың бірінші турында Абай атамыздың «Сап, сап көңілім, сап көңілім» жырын нақышына келтіре мәнерлеп оқыса, екінші сынақта «Абай жолы» романынан үзінді айтып, көрермендерді таң қалдырған. Ал, үшінші тур — Абай әндерінің сайысында Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін шырқаған. Жеңіс тұғырынан көрінген Әсемгүл Стомманы әлі де байқай түскісі келді ме екен, айтыскер ақын, қазылар алқасының төрайымы Әсия Беркенова Абайдың қара сөздерінен көптеген сұрақтар қойып, жан-жақты сынаған көрінеді.
Бірақ, ол ешқайсысынан мүдірмепті. Беларусь жігіті Александр Стомма мен қазақ қызы Сәнжан Иманқайырқызы құрған бірлігі мен татулығы жарасқан отбасы Қызылқоға ауданының «Аққора» елді мекенінде тұрады. Александр мен «Алтын алқа» иегері Сәнжан ана екеуі бес қыз, екі ұл тәрбиелеп өсіріп, олардан сегіз немере-жиен сүйіп отыр. Ал, Әсемгүл Стомма – шаңырақта тәлім-тәрбие алып отырған балалардың алтыншысы.

Мағрупа ҚАЗИХАН,
Қызылқоға ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button