Жарнама
Мәдениет

Ұлттық мұра мен мәдениет ұлықталды

Наурызнаманың мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні еліміздің ұлттық мұрасына деген құрметті күшейтіп, оны келешек ұрпаққа сақтап, жеткізудің маңызды екенін көрсетеді.
Осыған орай, Атырау қаласындағы «Исатай-Махамбет» алаңында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының көркемөнерпаздары ұйымдастырған «Наурыз-думан» атты мерекелік концерт қала тұрғындары үшін ұлттық болмыстың айшықты көрінісіне айналды.

Сахнада ән мен бидің шеберлікпен орындалуы халықтың мәдениетіне деген құрметтің ең жарқын көрінісі болды.
–Бұл іс-шара – қазақтың бай мұрасының қайта жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуінің жарқын мысалы. Біздің мақсатымыз – ұлтымыздың ұлы дәстүрлерін ұлықтап, жастардың санасына ұлттық болмысымызды сіңіру. Наурыз мейрамы – табиғаттың жаңаруымен қатар, халықтың рухани жаңғыруының да символы. Бұндай іс-шараның жастарға, болашақ ұрпаққа үлкен тәрбиелік мәні өте зор. Сондықтан бұл күнді тойлау – тек халықтың мәдениетін тойлау емес, ол біздің өткенімізді қадірлеу, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу және болашаққа аманат ету,- дейді Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы басшысының міндетін уақытша атқарушы Марсель Нысанбаев.
Бұл күн ұлтымыздың рухани жаңғыруына, салт-дәстүріміздің қайта жаңарып, өркендеуіне, халықтың болашағына негіз қалаушы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оны жас ұрпаққа жеткізу арқылы еліміздің мәдени мұрасының ұлылығын танытты.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button