«Бала дауысы»: Бесінші маусым!

5dm36586 scaled Жаңалықтар

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. 26 наурыз бен 25 сәуір аралығында Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән конкурсының бесінші маусымының қашықтықтан іріктеу кезеңі өтеді. Конкурстың ұйымдастырушылары 8-12 жас аралығындағы балаларды еліміздің ең ауқымды музыкалық жобасының қатысушысы болуға шақырады.

Онлайн-іріктеу турына қатысу үшін өтінімді толтырып, кез- келген тілде және кез-келген жанрда екі-үш ән үзінділері орындалған бейнесін жіберуі қажет. Іріктеу турының қорытындысы бойынша 17 финалист анықталады, олар маусым айының басында Алматы қаласына шақырылатын болады.

«Бала дауысы» – әлеуметтік жоба, оның барлық кезеңдеріне қатысу тегін, ал оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің музыкалық оқу орындарында білім алуға гранттар мен ертегілер әлемі – Диснейлендке жолдама алады.

Байқаудың ұйымдастырушылары – Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры.

Толық ақпаратты Конкурстың ресми www.baladauysy.kz сайтынан біле аласыздар. Өтінімдер www.notka.kz сайтында  26 наурыздан бастап қабылданады.

«Atr-Ақпарат»

5dm38649
img 5144 1
5dm39056
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз