Атырауда бейнеңізді танымал суретшілерге тегін салдыртуға болады (ФОТО)

IMG 4401 09 09 17 11 26 Жаңалықтар

Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі Тамаша ойын-сауық орталығында «Ақжайық жағалауы сыр шертеді» атты қала тұрғындары мен қала қонақтарына демалыс ұйымдастыру мақсатында танымал суретшілердің жылжымалы көрмесін және Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж студенттері шеберлік сағаттарын өткізді.

IMG_4401-09-09-17-11-26

Аталмыш көрменің мақсаты – Ақжайықтың кешегі мен бүгінін танымал қылқалам шеберлерінің туындыларын қала тұрғындары демалушыларына таныстыру және шеберлік сабақтарын өткізе отырып суретшілер шығармашылығына шабыт беру.

DSC00947

Көрмеге ҚР Суретшілер және Дизайнерлер Одағының мүшелері – М.Давлетьяров, К.Сәдір, А.Отаралиев, О.Кендір, Е.Бозжігітов, суретшілер Е.Дәукенов, Ж.Рахметов, Б.Ғалымжан және т.б. қылқалам иелері қатысып, Жайық жағалауында өз туындыларымен ұсынып, колледж студенттеріне шеберлік сағаттарын өткізді.

IMG_8523-09-09-17-10-07

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары жағалауда өз бейнелерін танымал суретшілерге тегін салдыртуға мүмкіндік алды.

DSC00952

IMG_8524-09-09-17-10-07

DSC00961

IMG_8525-09-09-17-10-07

IMG_4399-09-09-17-11-26

 

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз