СӘДІРДІҢ СУРЕТ САБАҒЫ

Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер мұражайында Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, жергілікті суретші Сәдір Кәрібай университет және колледж студенттері арасында шеберлік сабағын ұйымдастырды. Бұл – жас дарындардың шеберлігін шыңдап, оларды бейнелеу өнерінің қыр-сырына қанықтыру мақсатында жасалып жатқан шара.

Суретші 1956 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында дүниеге келген. 1983 жылы Әбілхан Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесін тәмамдады. 1984 жылы Атырау қаласына келіп, Суретшілер одағының облыстық филиалында еңбек жолын бастайды. Содан бері көптеген облыстық, республикалық көрмелерге қатысып, еңбектері көпке танылған.

1988 жылы Алматы қаласында ХV республикалық жас суретшілердің көрмесіне, 1991 жылы «Жігер» республикалық жастар шығармашылығының фестиваліне қатысыпты. 2003 жылы «Бесінші дөңгелек» топтық, 2009 жылы Президент мұражайында «Жайық самалы» атты жеке шығармашылық көрмесін өткізді. Біраз жұмыстары дүние жүзіндегі мұражайлар мен жеке адамдардың қорында сақтаулы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттерді түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз