Атырауда «Әлем таныған Елбасы» көрмесі өтті

64223949 888354184877274 7292297140766769152 n Жаңалықтар

        Atr.kz/20 маусым, 2019 жыл.   Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің ең жоғарғы лауазымды қызметін атқаруына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрме «Әлем таныған Елбасы» деп аталды.

          Елбасының өмір жолы, туып-өскен ортасы, оқыған білім ордалары, қызмет еткен жылдары туралы мағлұмат беруді көздеген шараның негізгі мақсаты –  тарихи тұлғаның өмір жолынан үлгі ала отырып, жас ұрпақты  Отанын, халқын сүюге тәрбиелеу, азаматтық, патриоттық сезімдерді ояту.

          Көрмеде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі, тәуелсіздік жылдарында, отандық, халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктерді паш еткен фотосуреттер ұсынылды.

Сонау Бумын, Білге, Күлтегін, Тоныкөктер негізін салған Мәңгілік Ел идеясын жаңғыртып, заманға сай жасампаздықпен алға ұмтылып отырған жаңа Қазақстанның қарышты қадамы суреттерден тіл қатады.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

64315994 888354051543954 2398321772584763392 n
64385580 888353108210715 1327535268336500736 n
64390165 888354104877282 4509033392360128512 n
64461943 888353958210630 423576623988604928 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз