Жарнама
Мәдениет

“Қасиет” өнер студиясы Дубайдан жеңіспен оралды

Жылыой ауданындағы “Қасиет” өнер студиясы Дубайда өткен “NURLY FEST” халықаралық байқауына қатысып, елге үлкен жетістікпен оралды. Өнерпаздарымыз бұл додада Бас жүлде мен бірінші орынды жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.

950a5bec c71b 41af a920 416b553971c0

— Биыл “Қасиет” өнер студиясының ашылғанына екі жыл толды. Осы уақыт аралығында студия өнерпаздары өз таланттарын шыңдап, әлемдік сахналарда еліміздің мәдениетін жоғары деңгейде танытуға бағытталған бірқатар жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңіс – студияның халықаралық аренадағы алғашқы үлкен жетістігі. Сонымен қатар өнерпаздарымыздың шеберлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында Қытай мен Катарда өнер көрсетуге жолдама ұтып алдық. Бұл – біздің шығармашылық өсуіміздің айқын көрсеткіші, – дейді “Қасиет” өнер студиясының басшысы, ансамбль жетекшісі Салтанат Талғатқызы.

“Қасиет” өнер студиясы осы жеңістерімен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыру үшін жоспарлары да аз емес.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button