«Теңіз толқыны» – Гран-при иегері

лТе ¦з тол ыны¬ Жаңалықтар

Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Әли Әбішевтің қолдауымен  2015 жылы Қытай Халық Республикасынан жүз студент қандасымыз осы білім ордасына оқуға келген болатын.  Олардың білім алуына және басқа жағдайларына барынша жеңілдіктер мен қамқорлық жасалып келеді. Университет ішінен мәдениет басқармасы ашылды.    Ардақ  Жағыпарқызы басқарып отырған ұжымда студенттердің оқудан кейін бос уақытын тиімді пайдаланып, әртүрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады.  Атап айтсақ, «Теңіз толқыны» атты ұлт-аспаптар ансамблі, ұжымдық хор, би өнері,  спорт ойындары  қолға алынып, қаладағы, облыстағы мәдени шараларға атсалысып, ұйымшылдықпен қатысып отырады.

лТе__¦з тол__ыны¬

Қытай Халық Республикасының Үрімші, Тарбағатай, Алтай қалаларында тұратын, тарихи отанына білім алуға келген  қандастарымыз – мамандықтары мұнай-газ саласы бола тұра, жүректері ұлтым деп соғатын жастар. Қазақтың қара домбырасын жанына жақын тартып, аз ғана уақыт ішінде үйреніп,  республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Жақында Азамат Аққалиев жетекшілік ететін «Теңіз толқыны» ұлт-аспаптар ансамблі  Алматы қаласында өткен «Жеті өнер» І халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсына «Аспапта орындаушылық өнері» номинациясы бойынша қатысты.

Сайысқа саз және өнер мектептерінен, еліміздегі он бес қаланың жоғары оқу орындарынан жеті жүзге тарта конкурсант қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Үш күнге созылған сынақта Атырау мұнай және газ университетінің «Теңіз толқыны» ансамблі өзінің ерекше орындау шеберлігімен әділқазылар алқасынан ең жоғары баға алды.

Әділқазылар алқасының төрағасы, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас концертмейстрі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Батыржан Мықтыбаев, халықаралық конкурстардың Гран-при иегері, қобыз аспабының шебері Ерболат Мырзағалиев сынды елімізге еңбегі сіңген   мәдениет майталмандары сөз алып, «Теңіз толқыны» ансамбліне сәттілік тіледі.

Өнер додасының соңында  аталмыш ансамбль гала-концертке  қатысып, фестивальдің Гран-приін қанжығаға байлады.

Гүлзада Ниетқалиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз