Президент Атырауда мәдениет орталығын салып, оған Құрманғазының атын беруді ұсынды

screenshot 4 1 Мәдениет

Мемлекет басшысы Атырауда кейбір нысандардың құрылысы көп жылдан бері тоқтап тұрғанын сынға алды. Мысалы, 10 жыл бұрын салына бастаған Концерт залы әлі пайдалануға берілген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстағы мәдениет саласын дамытуға ерекше назар аудару қажет. Қалада мәдениет орындарының көбірек болғаны жөн. Мен Атырау қаласында дарынды жастар үшін мәдениет және шығармашылық орталығын салуды тапсырамын. Оны қазақ күй өнерінің алыбы –Құрманғазының атымен атауды ұсынамын. Облыс орталығында отбасылық демалыс орындары және жастардың бос уақытын пайдалы өткізетін орталықтар көп емес. Жайық жағалауы абаттандырылды,«Жастар саябағы» салынды. Бұл орын жергілікті жұрт жиі баратын демалыс орындарының біріне айналды. Әкімдік осындай жаңа жобаларды қолға алуы қажет. Қаладағы барлық нысандар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы керек. Біздің қоғам үшін ең маңызды талаптың бірі – осы. Атырау әрбір тұрғынға қолайлы, таза, заманауи қалаға айналуға тиіс. Қалада кейбір нысандардың құрылысы көп жылдан бері тоқтап тұр. Мысалы, 10 жыл бұрын салына бастаған Концерт залы әлі пайдалануға берілген жоқ. Тіпті, оның ғимараты жарамсыз күйге түсті. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, осындай нысандарды салып бітіру мәселесін біржола шешуге тиіс. Қажет болса, инвесторларды тартыңыздар. Халық мұндай ғимараттардың игілігін көруі қажет», – деді жиында Қазақстан Президенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз