Жарнама
МәдениетФОТОГАЛЕРЕЯ

Отырардан табылған құнды жәдігерлер көрмесі өтіп жатыр… (+ФОТО)

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» атты көшпелі көрме өтіп жатыр.

Көшпелі көрме 29 тамызға дейін жалғасады. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жанкелді Махашовтың мәліметінше, көшпелі көрмеге 80-нен астам жәдігер әкелінген. Көрме жәдігерлері екі бөліммен ұсынылған. Алғашқы бөлімде ІХ-ХІІ ғасырлар кезіндегі Отырардың тыныс-тіршілігін баяндайтын зерттеулер нәтижелері мен сол дәуірге тән түпнұсқа жәдігерлер жинақталған. Ал, екінші бөлімде әйгілі сұлтан Әмір Темір дәуірі мен Қазақ хандығы тұсындағы Отырар қаласының дамуын айшықтайтын заттай жәдігерлер қойылған.

2208071619082539g

«Ортағасырлық Отырар – әйгілі ойшыл әл-Фараби дүниеге келген шаһар. Тарихи қаладан X-XII ғасырларға тиесілі жәдігерлер көп табылған. Оның ішінде тұғырлы майшам түрлері, сан алуан үлгіде жасалған тұтқалы қазандар мен құмыралар, су құбырының бөлшектері, сәнді саптыаяқтар, алуан пішіндегі қақпақтар, тостаған мен табақтар, сиясауыт пен кесе, моншақтар мен түймелер коллекциясы бар», -дейді Жангелді Махашев.

Оның айтуынша, мұнайлы өңір тұрғындарының назарына Ташкент, Яссы, Бұқара, Самарқанд, Шағатай, Қараханид, Қытай теңгелері мен дирхемдері ұсынылған. Көне жәдігерлердің арасында Аламбик шынысынан жасалған түрлі ыдыстар мен шыны вазалар, көне қала ғимараттарын қаптаған жазулы қаптамалар мен өрнекті кірпіштерді, политра мен сфераконусты, селодан фарфорынан жасалған Қытай ыдыстары назар аударады. Сол кезеңдегі «Диуани Хикмет» және «Тартиби Зибо» грамматикалық еңбегі, «Мулла Қасым» діни кітаптары қойылған.

2208071619113759g

Дереккөз: ҚазАқпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button