90639756 917699941998006 2765993014894526464 o

Атырауда әскерилер саябақтар мен ойын алаңдарын дезинфекциялады (+ФОТО)

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. Бүгін «Батыс» аймақтық қолбасшылығының әскери қызметшілері халық көп жүретін жерлерге 4 тоннадай дезинфекциялық ерітінді шашты, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мұнайлы астанада қаладағы қоғамдық орындарды дезинфекциялау бойынша ауқымды акция жалғасуда. Бұл жұмысқа «Батыс» аймақтық қолбасшылығының жүзге жуық әскері қатысты. Олар күнделікті 7-8 нысанның аумағын арнайы ерітінді арқылы өңдейді. Келесі күні халыққа қызмет көрсету орталықтарының, саябақтардың, алаңдар мен ойын алаңдарының аумағы залалсыздандырылмақ.

– Дезинфекция жұмыстары үшін Атырау қаласының әкімдігі күн сайын шамамен 10 нысанды анықтайды, біз күніне солардың 7-8-ін дезинфекциялаймыз. Жұмыс барысында «Рубеж» ерітіндісін қолданамыз. Оның негізгі компоненті – хлор және басқа да қоспалар. Оның адамдарға, жануарлар мен құстарға мүлдем зияны жоқ, – дейді «БАТЫС» АЙМАҚТЫҚ ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ОФИЦЕРІ САФАР ФАЗЫЛОВ.

Айта кетейік, ертең әскери қызметкерлер Атыраудағы ірі сауда орталықтарының аумағын санитарлық тазартуды жоспарлап отыр.

90655934 917699881998012 91136259673554944 o
90624764 917699991998001 6746307708254683136 o
90782175 917699835331350 11710589109796864 o
90985028 917700058664661 2342655229742284800 o
91302247 917699771998023 1757382420023214080 o
91328850 917700105331323 2016371632326574080 o
91021655 917699685331365 9060728604677111808 o
90938134 917699731998027 1418876737252491264 o
90648325 917699621998038 2274185857541865472 o

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған