Жарнама
Мәдениет

Өткенді зерделейтін экспедиция өтуде

Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай «ТАЛАС-ҰЛЫТАУ-САРАЙШЫҚ» республикалық тарихи-этнографиялық экспедиция ұйымдастырылуда.

Биыл мемлекеттілігіміздің бастауы болған Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толып отыр. Бұл тек тарихи дата ғана емес, ол Ұлы Дала елі атанған халқымыздың өткені, кешегісі мен бүгінгі күнге дейін тар жол, тайғақ кешу, ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама заманды, небір қилы кезеңді, тас кешу заманды бастан өткерген жол, көшпенділіктен өркениетке жеткен қасиетті жолы. Бұл Ұлы Жібек жолы. Алтын Орданың астанасы болған көне Сарайшық, Батыстан Шығысқа қарай беттеген керуен сарай, ел билеген хандар мен сұлтандар, ел қорғаған баһадүр батырлар мен ел тағдырын шешкен билер осынау ғасырларға созылған төл тарихымызды түзеген тұлғалар. Екі апталық мерзімді қамтитын бұл экспедиция құрамында Түркиядан Ресейдің Якутия республикасынан келген археолог, тарихшы, этнолог ғалымдар, өлкетанушылар, олардың атыраулық әріптестері, журналист-блогерлер бар.

Аталған экспедиция мүшелерінің Атырауда өткен басқосуын облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мұхамбетқали Кипиев кіріспе сөзбен ашты.

-Айта кетер жайт, Алтын Орда дәуірі мен Жошы Ұлысының ескерткіштерін зерттеу мақсатында облысымызда Сарайшық қалашығы мен Таскешу керуен-сарайына жыл сайын тұрақты археологиялық қазба жұмысы жүргізілуде. Одан бөлек қала маңында сол дәуірге жататын Ақтөбе-Лаэти ескерткішін аспан асты ашық музейге айналдыру мақсатында айналасын қоршау жұмысы жасалды. Осыған орай, мұндай жұмыстар одан әрі жалғасын табады, — деді ол.

Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Әсия Қыстаубаева қонақтарға „қош келдіңізін» айтып, экспедиция жұмысына сәттілік тіледі.

«Талас-Ұлытау-Сарайшық» республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы туралы толыққанды ақпарат алып, пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылған „дөңгелек үстел» басындағы дидарласуды Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Ержан Нұрмағамбетов жүргізді.

Тақырыпқа орай тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог (Алматы қаласы) Мадияр Елеуов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты (Астана қаласы Дөкей Талеев және басқалары құнды дерек-дәйектерімен бөлісті.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ильдар Әкімбаев атыраулық әріптестеріне естелік сыйлықтарын тапсырды. Одан соң өзара әріптестік байланысты нығайту жөнінде екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button