Жарнама
Мәдениет

Өнермен өрілген өмір

Атырау облысының әкімдігі мен мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өңірдің мәдени өміріндегі маңызды шара — Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, танымал сценарист, режиссер, хореограф Мнаура Ғабдушеваның шығармашылығына арналған «Өнермен өрілген өмір» атты кеш өтті.

Шара барысында облыстағы мәдениет мекемелерінің би ұжымдары арасында өткен «Бұраң бел» облыстық байқауы да өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған байқауда би өнерінің үздіктері анықталып, жүлделер табысталды.

Кеш шымылдығы жүргізушінің әсерлі сөзімен ашылып, сахна төріне кеш иесі — көптеген мәдени шаралардың бас режиссері, ҚР Мәдениет қайраткері Мнаура Төлегенқызы құрметпен шақырылды. Шәкірттері мен бишілер сахнада хореограф ұстазға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын табыс етті.

Жиын барысында Мнаура Төлегенқызының шәкірттері өнер көрсетті. Олардың қатарында — Мәдениет саласының үздігі, Н.Жантөрин атындағы филармонияның көркемдік жетекшісі, «Жас қанат» байқауының лауреаты Венера Машқалиева мен «Інжу-Маржан» би ансамблінің жетекшісі Гүлвира Тұрақбаева, әнші Элла Куртиева, Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Төреханова, Юлия Курмакаева, Болат Кохаманов сынды танымал өнер иелері болды. Сондай-ақ, «Камелия» халықтық би ансамблі сахнада керемет биімен көрермен ықыласына бөленді.

Шара аясында «Бұраң бел» байқауы қорытындыланып, мәресіне жетті. Оның аясында әртүрлі жастағы топтар бойынша үздік би ұжымдары марапатталды. Үш санат бойынша (орта, үлкен және аралас топтар) жүлделер табысталды. Әр топқа 50 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары және жүлделі орындар үшін 150 000 — 200 000 теңге аралығындағы ақшалай марапаттар берілді.

Жүлделі орын иегерлері:

III орын иегерлері (150 000 теңге):

– «Жұлдыз» халықтық би ансамблі (Атырау қаласы, жетекшісі: Жаңылсын Сейтова)

– «Шаттық» үлгілі би ансамблі (Мақат ауданы, Нұргүл Базарқұлова)

– «Бойтұмар» би ансамблі (Индер ауданы, Шолпан Шүкірғалиева)

II орын иегерлері (200 000 теңге):

– «Камелия» халықтық би ансамблі (Атырау қаласы, Мадина Нитокшина)

– «Жайық қызы» халықтық би ансамблі (Атырау қаласы, Жазира Сегізбаева)

– «Би-Би» би тобы (Жылыой ауданы, Наргиза Максимова)

Ынталандыру сыйлықтары (50 000 теңге):

Орта, үлкен және аралас топтардан барлығы 10-нан астам ұжым Алғыс хаттармен марапатталды.

Кеш соңында сөз алған Мнаура Габдушева өзіне көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, шәкірттерінің өнер жолындағы табыстарына ризашылық білдірді. «Бұраң бел» байқауы — өңірдегі би өнерінің дамуына серпін берген маңызды жоба ретінде жоғары бағаланды.

 Кеш барысында мерейгердің төсіне облыстық ардагерлер кеңесі атынан Х.Доспанова атындағы медаль табысталды.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button