АТЫРАУДА МУЗЫКА КОЛЛЕДЖІ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІН БЕРДІ

2022 06 25 screenshot 20220625 121251 Мәдениет

«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі есептік концертін қойды.

Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық драма театрында «Шаттық Отаны» деп аталатын есептік концертке халық көп жиналды. Ұлы өнердің кәсіби бағыт алып, өнерлі жастардың қабілетін шыңдауда 64 жыл тарихы бар киелі өнер ордасы «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық-музыкалық академиясы» Атырау мущыка колледжі құлттық музыка өнерінің өрлеуі үшін табысты еңбек етіп, еліміздің мәдениетінің өркендеуіне үлесін қосып келеді. Көрерменге бірінші болып «Ерен еңбегі» медалінің иегері Ерболат Камалиденовтің жетекшілігімен «Той бастар» сырнайшылар ансамблі шықты. Мұнан соң қобызшылар ансамблі, «Алтын орда» фольклорлық ансамблі, дәстүрлі әншілер, студенттер хоры және басқа да өнерпаздар өнерлерін ортаға салып, кештің көркін қыздырды.

atpress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз