Жарнама
Мәдениет

Мерейді өсірген марапат

Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдениет мекемелерінің алқа мәжілісі өтті.

Мерейді өсірген марапат

Шараны ашқан Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Саламат Сабыр мәдениет мекемелері қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, сөзді Атырау облысы әкімі орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға берді.

Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Мәдени шаралар кезінде отбасындағы шаруаларыңызды  тастап, күн демей, түн демей қызметтен табыласыздар. Әрдайым облыстың мәдениеті мен өнерін дамытудағы еңбектеріңіз еленсін, игі істер жалғасын таба берсін, — деген облыс әкімі орынбасары Нұрсәуле Сайлауқызы сала қызметкерлерін қызу құттықтады.

Алқа мәжілісінде Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Саламат Сағымпазұлы өткен жылда атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асатын жоспарлар жөнінде баяндама жасады.

Баяндамадан кейін сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі жүзеге асты. Мәдениет пен өнер саласы ардагерлері сөз алып, атқарылып отырған игі істерге оң бағасын берді. Алқа мәжілісінің жұмысын Атырау облысы әкімі орынбасары Нұрсәуле Сайлауова қорытындылады.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button