
Мақатта «Боздағын күткен – Ана» ескерткіші бой көтерді
«Атырау облысының Махамбет Досмұхамбетов Мақат кентіндегі «Боздағын күткен – Ана» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ескерткіштің бой көтеруіне Ұлы Отан соғысына кеткен жалғыз ұлын 30 жыл бойы — соңғы демі қалғанша Сәнді Деңгелбайқызының өмірі негіз болған.

«Өткенсіз болашақ жоқ. Осы орайда, бүгін тоғыз жолдың торабы тоғысқан мекен – Мақат кентінде «Боздағын күткен Ана» ескерткіші ашылынуының өзіндік мәні бар. Майданнан оралмаса да үмітін үзбей жалғызының жолын тосқан, жақсы хабар күтіп, дүниеден үмітпен өткен ана рухына арналған бұл ескерткіш – ана біткеннің үлкен жүректілігін, қайтпас қайсарлығы мен руһының мықтылығын көрсетеді»,-деді облыс әкімі М.Досмұхамбетов.

Айта кетейік, демеушілер қаржысына салынған биіктігі 4 метрлік бұл ескерткіштің Мақат вокзалының алдында орналасуы тегін емес. Ұлым келіп қалар ма екен деген алаңкөңілді ана өмірінің соңына дейін осында келіп, өткен-кеткен пойызға үмітпен қараған.