Жарнама
Мәдениет

Кітапханадағы тағылымы мол шара

Республика күні мерекесі қарсаңында Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Атырау қаласындағы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен«Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты мерекелік тарихи-танымдық кеш өтті.

    Шарада халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін қайта жаңғырған мерекенің тарихы туралы бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар арасында сұрақ-жауап сайысы өткізілді.

    Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен «Әлем таныған Республикам менің» атты әдеби сазды кеш өтті.

Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдіарттыру мақсатында өткен жиында тарихи маңызы зор ерекше күн туралы басым айтылды. Қазақ елінің біртұтастығын сақтау, ынтымағы мен бірлігін арттыру – Қазақстандағы әрбір ұлттың міндеті екендігі айрықша аталды.

fb img 1698328259552

 

Әдеби-сазды кеште BINOM SCHOOL мектеп-лицейі оқушылары М.Мақатаевтың «Отан туралы», Ж.Нәжімеденовтің «Менің елім», Қ.Аманжоловтың «Туған жер», С.Мәуленовтің «Менің Республикам» атты өлеңдерін оқыды. 

–1990 жылы  25 қазанда Қазақ КСР Жоғары кеңесінің шешімімен Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Бұл құжаттың Тәуелсіз ел тарихында орны айрықша. Оны өскелең ұрпаққа жеткізіп, бойына Отанға деген сүйіншілікті нығайту – біздің мақсат. Болашақта еліміздің  тарихы мен ұлттық құндылықтарын дәріптейтін тұлғаларды қалыптастыру маңызды. Біз осы мақсаттағы жұмыстарды одан әріжалғастыра береміз, — деді кітапхананың бөлім меңгерушісі Софья Мұсағалиева. 

fb img 1698328248303

Білім ордасының кинозалында оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» атты бейнебаянкөрсетілді. Шара барысында кітапханашы Айман Мұханова викториналық ойындар ұйымдастырып,белсенділік танытқан оқушыларға естелік сыйлықтарды табыс етті.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button