Мәдениет
Хатимолла БЕРДІҒАЛИЕВ: «Бізге талғам мен танымға сай айтыс керек»
— Хатимолла аға, сізді әнші, ақын ретінде білетін ел жыршылық қасиетіңізге де куә болып жүр. Бұл идея қайдан келді?
— Өткен жылы алпыс жасқа толдым. Осы ғұмырымда бар өнерімді еліме, жұртыма арнаумен келемін. Алпыстың асуына шыққан тұста тыңдармандарыма ерекше сый жасағым келді. Қазір таңды таңға ұрып батырлар жырын, эпостық дастандарды айтатындар азайған тұс. Біздің буынның балалық шағы ауыз әдебиетінің небір асыл қазыналарымен сусындаумен өтті. Бүгінгі балаларды ертегіге сендірудің өзі қиындап барады. Қазақ халқының бай мұрасы қай ғасырда да тозаңның астында қалмауы керек, жаңа ғасырмен бірге жаңарып отырса ғана, мәні ашыла түседі. Осыны ойлай келе, жыршылық өнерді жаңғыртуды жөн көрдім. Оралдағы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда «Айман-Шолпан» дастанын жырладым. Бұл туындыны түгел жаттап, жүрек сүзгімнен өткізу үшін бірнеше ай бойы әзірлендім.
— Ұзақ дастанды жаттау қиындық келтірмеді ме? Таңдауыңыз неліктен нақ осы жырға түсті?
— Менің көру қабілетім нашарлау болғанымен, жадым мықты. Қай істе де ынтамен кіріссең, алынбайтын қамал жоқ. «Айман-Шолпанды» таңдаған себебім, бұл дастанда драмалық шиеленіс бар. Тыңдаған халық жалықпайды деп ойлаймын, қайта бір оқиғадан соң екінші оқиға өрбіп, тыңдаушыны өзіне тартып отырады. Ал неге таңдауым осы жырға түскенін айтар болсам, бұл менің көптен көкейімде жүрген дүние еді.
Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев «Айман-Шолпанды алғаш рет 1982 жылы күйтабаққа түсірген-ді, сол кездің өзінде осы жырды жаттасам екен деген ой болды. Бірақ, уақыт кемдік қылды ма, ертеңге қалдыра бердік пе, сәті түспей жүрді. Өткен жылы «Айман-Шолпанның» 200 жылдығы болды, бірақ бұл дата елеп-ескерілмеді. Осы олқылықтың орнын жою үшін де бастама көтергенді жөн санадым. «Айман-Шолпанды» айтып Оралда басталған кештер Ақтөбеде, Алматы, Астанада жалғасын тапты. 2 қазан күні Махамбет атындағы драма театрында атыраулықтар назарына ұсынсам деймін. Ата дәстүрге адалдық танытып, төл өнерді қолдаудан қалыс қалмай жүрген Атырау облысының әкімдігіне алғысымды айтқым келеді.
— Ақ Жайықтан ән оздырған Мұхит, Ғарифолла сынды дара дарындардың ізбасары ретінде бүгінгі қазақ әнінің қандай проблемалары сізді мазалайды? Дәстүрлі әндерді дәріптей алып жүрміз бе?
— Пенде ретінде менің арманым жоқ. Жеке басыма ештеңе де қажет емес. Бар уайымым – қазақтың өнері ғана. Құрманғазы атындағы Орал мемлекеттік музыкалық училищесінде білім алдым. Бірақ, ол кезде дәстүрлі орындаушылық өнерінен дәріс беретін маман жоқ еді. Менің бұл жолдағы ұстазым Қазақ радиосы болды. Көзім көрмей қалған күндерімде де осы ұлттың үнжариясы сырлас досыма, мектебіме айналды. Ғарифолла мен Манарбек, Жүсіпбек пен Иса, Күләш пен Құрманбектердің құлақ құрышын қандыра салған әндерімен радио арқылы таныс болдым. Қазақтың төл өнерін насихаттағаннан ұтпасақ, ұтылмаймыз.
Менің ойымша, мың жерден жаһандану болса да, өзіміздің ұлттық сана-сезімімізден, әдет-ғұрып, өнерімізден алыстамауымыз керек. Ал бізде қалай болып жатыр? Дәстүрлі әннің дәріптелуі жайлы сұрайсың. Бізде қазір «Дәстүрлі ән шеруі» деген дерт пайда болды.
— «Жігітке жеті өнер де аз» дейді халық даналығы. Сіздің айтыскерлік қасиетіңіз күллі қазақтың аузына ілікті. От ауызды, орақ тілді ақын екеніңізді таныта алдыңыз. Ел айтыс сахнасынан ерен жүйрігін әлі де көргісі келеді, айтысты тым ерте тастап кеттім деп ойламайсыз ба?
— Мен үшін айтыстан гөрі әншілігім жоғары тұрады. Өзімді ақынмын деп емес, әншімін деп таныстырамын. Жалпы, ақындық қазақтың қанында бар қасиет. Мен айтысқа шыққан жылдары сөз сайысының ережесі мүлдем басқаша еді. Ол кезде ауыл мен ауылды, ауданды, бір облыс пен тағы бір басқа облыстың ақынын айтыстыратын, ақындар өздері туған өлкенің жетістігін мақтан қып, кемшілігін ақтап алатын. Айтыстың бәсі жоғары болды ма білмеймін, ақындар айтқан сын жөнделіп жататын. Қазір ол үрдіс бұзылды. Пәленшенің пәлен жылдығы, түгеншенің тойы деп, ақындарды бір тақырыпқа байлап қойдық. Арқандаулы ат алысқа ұзамайды. Ақындарға еркіндік беру керек. Бүгінгі айтыс сахнасы жезде мен балдыздың, жеңге мен қайнысының әжуасына толып кетті, халық бұдан жалықты. Көрерменнің талғамын арттыратын, танымын кеңейтетін айтысты сағынды ел.
— Атыраулық ағайынды «Айман-Шолпанда» күтемін.

Бақытгүл БАБАШ.