![Грант жеңіп алған құлсарылық мұғалім музыка мектебін ашты 1 zhetigen](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/zhetigen-780x470.jpg)
Грант жеңіп алған құлсарылық мұғалім музыка мектебін ашты
Құлсарылық музыка пәнінің мұғалімі Әйгерім Жаңабайқызы «Тандау» жобасы аясында грант жеңіп алып, кәсіп ашты.
![Грант жеңіп алған құлсарылық мұғалім музыка мектебін ашты 2 zhetigennn](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/zhetigennn-1024x562.jpg)
Жобаны Жылыой ауданын дамыту бағдарламасы аясында» Теңізшевройл » ЖШС қолдауымен» Орталық Азияның Еуразия » Қоры жүзеге асыруда.
Әйгерім Жаңабайқызы көптен армандаған бизнес-идеясын жүзеге асыру мақсатында «Таңдау» жобасына қатысуға өтінім берді. Нәтижесінде, сұхбат кезеңінен өтіп, музыкалық мектебі үшін жаңа аспаптар сатып алды.
– Мамандығым бойынша музыка мұғалімімін, үйленіп, декреттік демалысқа шыққаннан кейін музыка мектебімді кеңейту туралы ойладым. Алғашында менің 40 балам мен екі құралым ғана болды, бірақ «Тандау» жобасының арқасында алғашқы ақшалай грантымды жеңіп алып, жеткілікті құралдар сатып ала алдым, — деді Әйгерім Жаңабайқызы.
«Тандау» жобасында ұтып алған қаражатқа Әйгерім Жаңабайқызы 30 жаңа музыкалық аспапты, оның ішінде домбыра, жетіген, гитара, қобыз, барабан сатып алған. Осының арқасында мектептегі оқушылар саны 60-қа дейін өсті. Енді Құлсары тұрғыны өз бизнесін кеңейтуге ниетті.
Болашақта Жылыой ауданының барлық елді мекендерінде музыкалық мектебімнің филиалдарын ашуды жоспарлап отырмын. Ауыл балаларының музыкалық аспаптарда ойнап, өз ансамбльдері мен оркестрлерін құруды үйренгенін қалаймын. Қазір осы бағытта көп жұмыс істеп жатырмын, өйткені музыка мұғалімдерін даярлау қажет, — деді Әйгерім Жаңабайқызы.
Айта кетейік, 2023-2024 жылдардың қорытындысы бойынша «Тандау» жобасының кіріспе семинарларына 693 адам қатысты, жобаға қатысуға 269 адам өтінім берді, 105 адам оқудан өтті. Оның ішінде 44 қатысушы өз бизнесін бастау бойынша қаржылық қолдау алды. Бір жыл ішінде шағын бизнеске 155 миллион теңге сомасында пайызсыз несие берілді.