Франциядағы қазақ қызы Әмина ҚҰДАБАЕВА әлемдік бренд «HERMES»-ке қалай келді?
Әйгілі Forbes басылымының таңдауы бойынша «Ең құнды әлемдік брендтер» тізіміне енетін «HERMES» брендін білмейтін адам кемде-кем. Аты әлемге танылған компания құрамында қызмет атқаратын атыраулық Әмина Құдабаева – көпке үлгі. Есепші, әнші, шеберхана иесі, бірнеше тіл білетін кәсіпкер қазір дүниежүзілік сәнәлемінің эталоны саналатын Францияның Эврё қаласында тұрады. Біз онымен шетелдегі өмір, кәсіп бастаудың қыр-сыры, жетістікке жету жолы жайында сұхбаттасуды жөн көрдік. Уақытының тығыздығына қарамастан, брендінің әйелдерге арналған қол сөмкесін тігетін шебер бізбен сөйлесуге ниет білдірді.
– Әмина, әуелі сұхбаттасуға уақыт тапқаныңыз үшін сізге алғыс айтқым келеді…
– Сіздердің қызығушылықтарыңыз үшін рахмет!
– Ал, енді әңгімемізді Атыраудан бастасақ…
– Әрине. Атырау – менің туған қалам, өскен ортам. 8 жасымда Ресейдің Волгоград қаласына қоныс аудардық. Кейін, 16-ға толғанда Атырауға оралдық. Аспаз мамандығын меңгердім, дүкенге сатушы болып та орналастым. 25 жасымда әншілік бағытқа ден қойып, жергілікті мейрамханаларда ән де салғанмын. Оған қоса, есепші болып та еңбек еттім.
– Ал, қазір туған өңірмен жиі байланысып тұруға мүмкіндік бар ма?
– Әрине. Жылына бір рет болса да барып тұруға тырысамын.
– Бұл жақта туыстарыңыз бар ма?
– Иә. Анам, інім, апам және жиендерім бар.
– Жарайды, енді өткен шақтың жылы естеліктерінен арылып, бүгінге оралайық. Неге Францияға таңдауыңыз түсті? Куала-Лумпурда тұрған кезде бұл іспен айналысуға мүмкіндік болмады ма?
– Бұл – біздің отбасылық т аңдауымыз. Бұған дейін Малайзияда 2 жыл тұрған соң, жолдасымның қызметіне сай екі елде еңбек ету туралы келісімшарт беріп, Қазақстан немесе Катарды таңдауды ұсынды. Біз отағасының отанына, Францияға көшу туралы шешім қабылдадық.
– H E R M E S – қ а з і р г і жетістігіңіз. Ал, бұған дейін немен айналыстыңыз?
– Өзімді бірнеше салада байқап көрдім. Жоғарыда аталғандарға қоса, кондитерлік, спорт және сабын дайындау саласында еңбектеніп көрдім. Ұзақ жылдар бойы жеке әнші ретінде шығармашылықпен айналыстым.
– Расында да арнайы джаз тобын құрғаныңыздан да хабардармын…
– Иә, 5 музыканттан тұратын топ құрдым. Алайда, бұл жобамыз толыққанды іске аспастан,
дайындық жұмыстары кезінде-ақ тарап кетті. Себеп – пандемия. Кейін тобымыздың мүшесі
ауырып, көз жұмды. Сосын ол бағытқа қарай бет бұрмадым.
– Қолөнер, терімен жұмыс жасау туралы шешімді осыдан кейін қабылдадыңыз ба? Өз таңдауыңыз ба немесе бір себебі бар ма?
– Тобымыз тараған сәтте-ақ табыс әкелетін салаға бет бұру қажеттігін сезіндім. Кішкентайымнан тігу, тоқу, би[1]сермен жұмыс жасауға бейіммін. Ал, іс бастау туралы ойланған кезде ағаш немесе терімен жұмыс жасайтын шеберді таңдау қажеттігі туды. Бұған дейін де осы салада өз-өзімді дамыту мақсатында интернет арқылы түрлі дәрістер оқып, үйренгенім бар-ды. Ал, Францияға келген соң, толыққанды жұмыс жасау үшін қажетті құрал-жабдықтарды алар кезде тіл білудің маңыздылығын түсініп, арнайы мектеп іздедім. Сол кезде еңбек биржасына тіркеліп, олар «HERMES Paris» компаниясына өтініш жолдауға ұсыныс берді. Өйткені, компания сізбен жұмыс жасауды қаласа, оқыту, арнайы диплом берумен қатар, өздеріне қызметке де алады екен. Ойланбастан, құжаттарымды жолдадым.
– Осылайша, жұмысқа қабылдандыңыз…
– Жо-жоқ, олай емес. Аталған компанияда жұмыс жасауға өтінішті кез-келген адам бере алады, еш шектеу жоқ. Мейлі зейнеткер, мейлі жас адам бол сын құжаттарын жолдайды. Өтініш жолдаған соң, ұзақ күту қажет. Алғашқы жетістік – жауап келуі. Кейін тестілеуге шақырту жібереді. Мысалы, мен онша ұзақ күткен жоқпын, небәрі 8 ай ғана. Ал, үміткерлер арасында 3 жылға дейін күткендер бар.А й т ы п о т ы р ғ а н ы м , компанияға жұмыс жасау емес, оқуға қабылдану туралы. Осының өзіне жету үшін үш рет тестілеуден, екі рет әңгімелесу кезеңінен өттім. Нәтижесінде, мыңдаған үміткерлердің ара сынан 28 адамды оқыту туралы шешім шықты. Соның ішінен тек 21-і оқуды жалғастыру туралы келісім-шартқа ие болдық.
– Құттықтаймын! Қазір сіз әлемдік бренд жасайтын шеберсіз, иә?
– Иә, уақытша келісім-шарт аясында жұмыс жасап жүрмін. Әйелдердің қолсөмкесін тігемін. Қолмен жасалған еңбек бұл жақта өте жоғары бағаға ие. Дипломымды алған соң, мерзімі шектеусіз келісім-шартқа ие боламын деген үміттемін.
– Бұл жетістіктің сыры неде?
– Мен өз қайсарлығым мен табандылығымның арқасында нәтижеге қол жеткіздім деп о й л а й м ы н . Ө й т ке н і , м е н секілді бірнеше мыңдаған үміткерлердің арасында бұл саланы өте жетік білетіндер де, тіл меңгеруден қиындық к ө р м е й т і н д е р д е б о л д ы . Интернет арқылы кәсібімнің қыр-сырын үйреніп, жергілікті лексиконға сай келмейтін ресми сөздіктегі аударма арқылы жүрсем де керегімді таптым, білімімді арттырдым. Неше түрлі терімен жұмыс жасап, қолымды икемдедім. Көзәйнектің қабы, шарап салатын қалта, әмиян секілді ұсақ бұйымдарды жасап, өз өнімімді саудалауды үйрендім. Жылқы, ешкі, қой секілді жануарлардың терісімен қатар, ақсерке (семга) балығы, жылан терісінен түрлі бұйым жасаймын.
– Қолдан жасалған дүниелер жоғары бағаланады дедіңіз. Бағасын айта аласыз ба?
– Баға терінің сапасы, тігісі мен астарына байланысты өзгере береді. Мысалы, мен тіккен көзәйнектің қабы 50 еуродан басталып, 400 еуроға дейін барады.
– «Ақ Жол» деп шеберхана ашуыңызда көп нәрсені аңғартса керек…
– Дұрыс айтасыз, «Ak Yol» деп аталатын шағын шеберханам бар. Өнімдерді интернет арқылы сатамын. Өз желімді дамытып, франциялық дизайнерлермен тәжірибе алмасуды жоспарлап жүрмін.
– Ал, қазақстандық нарыққа шығу туралы жоспарыңыз бар ма?
– Шыным сол, бұл бағытта ойланып көрмеппін. Бірақ тапсырыс түссе, әлеуметтік желі арқылы жұмыс жасап, пошта арқылы жеткізіп беруге болатын шығар деген ойдамын.
– Жалпы, Францияда іс бастау қиын ба, оңай ма?
– Бұл елдің заңына сәйкес, жеке кәсіпкер – салық төлеуші ғана. Яғни, «өз бизнесің, өзің
дамыт» деген қағида. Мен шеберханамды «микро кәсіп» ретінде тіркедім, сондықтан 13% салық төлеймін. Тіркеу рәсімі аса ұзақ емес, бір айдың көлемінде толық аяқталды. Таңдауыңыз бойынша ай сайын немесе тоқсан сайын есеп тапсырамын. Ешқандай жеңілдік жоқ.Мұнда ізденсеңіз, түрлі қ ау ы м д а с т ы қ т а р а р қ ы л ы тиімді әдіс-тәсілдер, қолдау түрлеріне ие болуға мүмкіндік бар. Алайда, менде уақыт тап[1]шы болғандықтан, құлшыныс білдірмедім.
– Неше тіл білесіз?
– Орыс, түрік, ағылшын, француз тілдерінде сөйлей аламын. Шынында, сыртта жүрген соң адам өмір сүруге тез бейімделеді ғой.
– Ал, қазақша?..
– Отбасымыз көп ұлтты. Бойымда қазақ, ноғай, шешен ұлттарының қаны бар. Ресейде тұрғанда, ноғайша сөйлестім. Ол түрік тіліне жақындау. Сондықтан, қазақшам аса жақсы емес. Бірақ, түсінемін, ойымды жеткізе алмаймын.
– Сіз үшін бақытты адам қандай болуы керек?
– Мен үшін бақыт – отбасы, жұмыс, хоббидің теңдігі. Бәріне уақыт тауып, шын жүрегіңмен жасаған әр істен ләззат алу – басты орында.
– Қ а з а қ с т а н ғ а к е л у жоспарыңызда бар ма?
– Мен Қазақстанды сүйемін. Бірақ өзге мәдениет, өзге орта, өзге ұлт өкілдерін танып-білу қызығырақ. Қызымыз Мелисса шет мемлекетте өмірге келген соң, біздің де бұл жақта тамырымыз жайылып келеді деп айтуға болатын шығар. Әзірге жоспарымызда жоқ.
– А т ы р а у л ы қ т а р ғ а тілегіңізді білдірсеңіз…
– Ж е р л е с т е р і м е б а р жақсылықты тілеймін. Әр адам бақытты болу мүмкіндігін
ж і бе р і п а л м а с а е ке н д е п тілеймін.
– Әңгімеңізге рахмет. Әр ісіңізге сәттілік тілейміз. Жеке әлемдік бренд жасайтын күн
жақын болғай!
– Рахмет, ол күнге де жетерміз. Адам мақсат қойса, орындалмайтын ештеңе жоқ.
Сұхбаттасқан
Гүлжан ӘМІРОВА