Жарнама
Мәдениет

Дарынды жастар “Ән ажары” байқауында бақ сынады

Облыста жас таланттар арасында “Ән ажары” атты заманауи ырғақтағы ән байқауы өтті. Кең танымал әндерді кавер нұсқада орындап, жаңа леп беру, жас дарындардың өзіндік стилін қалыптастыру мақсатындағы өнер додасын облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы ұйымдастырды.

Байқау барысында қатысушылардың сахна мәдениеті, киім үлгісі, әннің мазмұнын жеткізе білу қабілеті, дауыс ерекшелігі және туындының заманауи өңделуі сынды талаптар басты назарға алынды. Жарыста қала және аудандардан келген 10 өнерпаз өзара бақ сынасып, ерекше музыкалық интерпретациялар ұсынды.

Сайыс қорытындысында І орынды Индер ауданының өнерлі жастарының бірі Нұрлан Сағынов жеңіс алды. Махамбеттік Исатай Амандық ІІ орынды иеленсе, ІІІ орын исатайлық Нұрдәулет Сағидолла мен Атырау қаласынан қатысқан Диас Есенболатовқа бұйырды.

Тоғжан ЕРЖАНҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button