Жарнама
Мәдениет

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ БЕКЗАТЫ

 Қабдол Досниязов 1939 жылы Атырау облысының Балықшы ауданы, Жұмыскер ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1987 жылдан бастап ҚР суретшілер Одағының мүшесі. 1991 жылы Атырау, Алматы қалаларында жеке көрмесі өткізілген. 1982-1994 жылдар аралығында Атырау облыстық Суретшілер Одағында жұмыс істеді. Республикалық, одақтық көрмелерге қатысқан туындылары көпшіліктің көңілінен шыққан. Алғашқы туындыларының бірі, аңыз желісі бойынша салынған  «Домбыра туралы аңыз» деп аталады. Картинада ашық түстермен аңыздың кейіпкерлерін,  ал, қара қоңыр түстермен жамандықты бейнелеген. 

Суретшінің көрмеге алуан тақырыпта салынған жиырмаға тарта суреті қойылды. «Киіктердің көз жасы» атты еңбегі сәндік-графикалық стильде салынған. Суретшіге аңшылардың киік аулау кезіндегі көріністер қатты әсер еткенге ұқсайды. Ақбөкендердің өлер алдындағы аянышты көз жасы, адамдардың оларға жасаған қатыгездігі әсерлі бейнеленген. 

«Суретшінің трагедиясы» атты еңбегінің ортаңғы бөлігінде сурет жақтауына орнатылған әлі аяқталмаған туынды сипатталған. «Операцияда» ортаңғы бөлігінде операциялық үстел үстінде жатқан адам, жанында дәрігер ота жасауға дайындық үстінде тұр. Үстел үстінде жүдеген, шаршап-шалдыққан суретші бейнесі суреттелген. Суретшінің осындай картиналарын көремін деушілерге көрме есігі апта бойына ашық. 

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button