«Бейбарыс» Мысыр астанасы Каирде сахналанды

65855f21 98f3 41c7 bc77 ccdee1f8e7c8 Мәдениет

Атырау облысы әкімінің қолдауымен Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына орай, Каир қаласының CAIRO OPERA HOUSE театрында Р. Отарбаевтың «Бейбарыс» әфсанасын сахналады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қойылымның режиссері – М. Томанов, Ж.Телтаев, суретші – Т.Мұхтаров.  Бейбарыс Сұлтанның  туған жерінен жырақта, жат жерде жүріп сезген жан азабы, жусан иісін сағынған сағынышы, достық пен тақ таласы бейнеленген қойылым көптің көңілінен шықты. Шараға қатысқан Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шариф, Калюбия губернаторы, генерал Абдулхамид АлХагтан жылы лебіздерін білдірді.

c8869cf0 2bb4 48c3 8892 fd42eb966ba7
15e88ac3 ba77 4881 a73c c4c76954bd6a
ad91c61c 6b9f 492c a756 48fa4c895ef7
e19771f8 6182 4308 8bba f8aaeedd3e42

Жергілікті жұртшылыққа ұғынықты болу үшін спектакль араб және ағылшын тілінде тәржімаланды. Субтитрмен жазылған мәтін сахна алдындағы үлкен экраннан берілді.

Суреттер басқарманың баспасөз қызметінен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз