Мәдениет
Атыраулық актерлер Санкт-Петербургке аттанды
Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының ұжымы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына жолға шықты.
Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әртістер 28 мамыр күні А.Брянцев атындағы жас көрермендер театрының XXV Халықаралық фестивалінде өнер көрсетеді. Ұжым драматург Рахымжан Отарбаевтың “Жалғыздық” қойылымын сахналайды.
Айта кету керек, аталған фестивальге бірнеше мемлекеттен барлығы 26 театр қатысады деп жоспарланған. Қазақ елінің, Атыраудың жүгін арқалап өнер додасына жол тартқан өнерпаздарға сәттілік тілейміз.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА