Атыраулық балаларға «Бразилия байлығы» келе жатыр

screenshot 20220406 125512 Мәдениет

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры сәуір айының 14,15,16,17 күндері Атырау қаласына гастролдік сапармен барады.

Көкшелік өнерпаздар сапар барысында ең таңдаулы қойылымдарымен атыраулық көрермендерді қуантпақ. Атап айтсақ, 14 сәуір Ерсайын Төлеубайдың «Алдаспан» драмасын, 15 сәуір Людмила Разумовскаяның «Емтихан» драмасын, ал, балалар жылына орай 16,17 сәуір күндері балалар мен жасөспірімдерге арналған Мария Машадудың «Бразилия байлығы» ертегісін ұсынады.

Барлық қойылымдар Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында өтеді.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз